13:55 23 Шілде 2019
Тікелей эфир
  • USD384.52
  • EUR431.32
  • RUB6.10
Эйр Астана ұшағы

Қытай азаматтары Атырау әуежайында жанжал шығарды

© Sputnik / Тимур Батыршин
Оқиға
Қысқа сілтеме алу
941902

Қоғамдық тәртіпті бұзғандар орташа деңгейде мас болған

АСТАНА, 25 қаңтар — Sputnik. Қытайдың екі азаматы Атырау – Астана рейсінен түсірілді. Жолаушылар өздерін дөрекі ұстап, тіркеу кезінде қоғамдық тәртіпті бұзған.

Шу шығарғандар туралы Air Astana әуекомпаниясының өкілдері Атырау әуежайындағы желілік полиция бөлімінің кезекші бөлімшесіне хабарлаған. Қызметкерлердің айтуынша, жолаушылар мас әрі дөрекі болған, ескертуге құлақ аспай, әуежай жұмысшыларына тіл тигізіпті.

Тексеру барысында анықталғандай, 40 және 50 жастағы екі қытай азаматы тәртіп бұзған екен. Көліктік полиция қызметкерлері оларды рейстен түсіріп алды. Екеуі де орташа деңгейде мас болыпты.

Полицейлер олардың әрқайсысына 5 АЕК (12 625 теңге) көлемінде айыппұл салды. Атырау қаласының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік соты да тәртіп бұзушыларды ұсақ бұзақылық жасағаны үшін 5 АЕК көлемінде айыппұл төлеуге міндеттеді.


Тақырып бойынша

Әуежайда ұшақтан түсірілген сөмкеден бес айлық сәби табылды - видео
Әуежайда шу шығарған Төреғали Төреәлі жазаланды
Ұшақта шыққан жанжал: билетсіз кіргендер мен тіл үшін күрескендер қалай жазаланды?
"Ішімдікті аузыма алған емеспін". Ұшақта шу шығарып, қызметінен қуылған шенеунік ақталды
"Өлімге дайын болдық". Ұшақта түсірілген видео таралып жатыр
Кілт сөздер:
әуежай, жанжал, Қытай азаматтары, Астана, Атырау
Загрузка...

Басты тақырып