02:23 14 Қараша 2019
Тікелей эфир
  • USD389.34
  • EUR428.78
  • RUB6.05
Зорлық-зомбылық

Өлтіріп, көміп кеткен: Алматыда жұмбақ жағдайда жоғалған қыздың денесі табылды

© Sputnik / stringer
Оқиға
Қысқа сілтеме алу
3941 0 0

20 жастағы Валерия Погребнякті жігіті қызғаныштан өлтірген болуы мүмкін

АЛМАТЫ, 28 қаңтар — Sputnik. Алматыда полиция департаменті 19 қаңтарда із-түзсіз жоғалған 20 жастағы Валерия Погребняктің денесі табылғанын хабарлады. Алматы облысы Қарасай ауданында тұратын қыздың жоғалғаны туралы хабар Алматы қаласы Әуезов ауданының ішкі істер бөліміне 25 қаңтарда түскен.

19 қаңтарда бойжеткен досы Владимирмен бірге Мерей ауылынан кетіп қалады. Жігіттің сөзіне сүйенсек, олар Алматыдағы сауда орталықтарының біріне барыпты. 18:00-ге дейін сонда болып, кейін үйге қайтқан, деп мәлімет берді Алматының полиция департаменті.

Полицейлер анықтағандай, күдікті ауылға жақын маңда қызды өлтірген. Болжам бойынша, қылмыстың себебі – қызғаныш.

"Екеуі ренжісіп қалып, Владимир Б. бойжеткенді өлтірген. Қылмыс ізін жасыру үшін мәйітті көміп тастапты. Ал Валерия Погребняктың ата-анасына қыз қалаға апарып сал деп өтініп, ештеңе айтпастан кетіп қалды деген", — деп мәлімет берді полиция департаменті.

Қазір "Кісі өлтіру" бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр. Күдікті қамауға алынған.

Тақырып бойынша

Астанада ұшты-күйлі жоғалып кеткен қыздың тағдыры белгілі болды
Алматыда жоғалып кеткен жас музыкантқа қатысты суыт хабар жетті
Есігін аша алмаған: мұздатқышқа кіріп ойнаған үш баланың мәйіті табылды
Ақтаудағы қанды оқиға: дүкеннен ерлі-зайыптының кескіленген денесі табылды
Кілт сөздер:
қызғаныш, қыз бен жігіт, қылмыстық іс, кісі өлтіру, Алматы
Загрузка...

Басты тақырып