Оқиға

Шымбұлақта қар көшкіні болды

© Sputnik / Анатолий УстиненкоҚар көшкіні
Қар көшкіні - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Төтенше оқиға көшкінді алдын ала құлату кезінде болған

АЛМАТЫ, 1 ақпан — Sputnik. Алматыда жұма күні көшкінді алдын ала құлату үшін Школьник шыңын "атқылау" жұмыстары жүргізілді, деп хабарлады төтенше жағдайлар комитетінің баспасөз қызметі.

Қар көшкіні - Sputnik Қазақстан
Өңірлер
Еліміздің үш облысында қар көшкіні жүруі мүмкін

Қар көшкінін құлату үшін "Аваланчер" жүйесі үш рет атылған. Көшкіннің көлемі 1100 куб болды.

Естеріңізге сала кетсек, бұдан бұрын Алматы қаласының төтенше жағдайлар департаменті тау бөктерінде қардың қалың түсуі туралы болжамға сәйкес 31 қаңтар мен 2 ақпан аралығында "Шымбұлақ" демалыс орнында жаттығулар жоспарланғанын хабарлаған еді.

Алматы ТЖД оңтүстік астана тұрғындары мен қонақтарына таулы жерлерге бармаған жөн екенін ескертті.

Жаңалықтар
0