Оқиға

Халықаралық іздеуде жүрген әйел Қазақстанға жеткізілді

© Sputnik / Anar Mustafayevкісен
кісен - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Ол 9 миллион теңгеге жуық сомаға мемлекетке залал келтіріп, сеніп тапсырылған мүлікті талан-таражға салған

АСТАНА, 9 ақпан — Sputnik. Қазақстанның Бас прокуратурасы және ішкі істер министрлігінің қызметкерлері Доминикан Республикасынан қылмыстық жауапкершілікке тарту үшін Марина Орумбаеваны (Невская) экстрадициялады.

Кісен - Sputnik Қазақстан
Қоғам
Грекиядан қазақстандық террорист экстрадицияланды
Марина Орумбаеваны Шығыс Қазақстан облысының сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі іздеген. Оған 9 миллион теңгеге жуық сомаға мемлекетке залал келтіре отырып, сеніп тапсырылған мүлікті талан-таражға салды деген айып тағылды, деп хабарлайды Бас прокуратураның баспасөз қызметі. 

Орумбаева қылмыстық қудалау органынан жасырынған және халықаралық іздеуде болған.

Қазақстан мен Доминикан Республикасы арасында ұстап беру туралы екіжақты келісімнің болмауына қарамастан, Бас прокуратураның сұрауын шетел билігі қанағаттандырды. 

Қазіргі уақытта Орумбаева Астана қаласының тергеу изоляторында отыр. 

Жаңалықтар
0