14:55 22 Ақпан 2019
Тікелей эфир
  • USD375.95
  • EUR425.80
  • RUB5.74
Әйел

"Көлікте бір топ еркек отыр" Жолсеріктер зорлады деген қыз қысымға ұшырағанын айтты

CC0 / rebcenter-moscow
Оқиға
Қысқа сілтеме алу
3473 0 0

Жәбірленушінің айтуынша, тергеушілер былтыр ауыл тұрғындарынан жауап алып, оның өткені жайында білуге тырысқан

АСТАНА, 11 ақпан – Sputnik."Тұлпар-Тальго" пойызында жолсеріктерді зорлады деп айыптаған қыз күдіктілердің туыстары соңына түскенін айтып берді. Ол қылмыстық істі жауып тастай ма деп қорқады.

Жәбірленушінің айтуынша, тергеушілер ауыл тұрғындарынан жауап алған.

"Ауылға барып, ата-анамнан жауап алмақ болыпты. Олар қарт кісілер. Ата-анамнан жауап алмау туралы өтініш бергенмін. Соған қарамастан тергеушілер бірнеше рет тырысты, қазан айында ғой деймін. Әйтеуір, ақыры соңында ата-анамды жайына қалдыруға келісті", - деді ол Sputnik Қазақстан тілшісіне берген сұхбатында.

Зорлады деген күдіктілердің туысы қыздың соңына түсіпті. Бірінші рет әйел адам түнде келгенде, қыз оны үйіне кіргізіп, татуласуға көнбейтінін жеткізген.

"Бапты Қылмыстық кодекстің 120-бабы 2-бөлімі 1-тармағына (жабылып зорлау) ауыстыруға өзім өтініш бердім. Қайдағы татуласу? Қайдағы ақша? О баста бәрі зорлау туралы арызды ақша үшін жазды деп ойлады. Мен қаражатқа мұқтаж емеспін – пәтерім, көлігім бар, басшылық қызметте істеймін", - деп жалғастырды қыз.

Көп ұзамай әлгі әйел жәбірленушіге тағы барыпты, бұл жолы құшағында сәбиі бар екен. Подъезден жүгіріп шыққан қыз көлікте отырған бір топ ер адамды байқайды. Ол болған жайтты полиция департаменті қызметкерлеріне айтып беріпті.

Енді жәбірленуші жолсеріктерге қатысты істі жауып тастай ма деп қорқады. Сот отырысы облыс орталығынан 500 километр жердегі елді мекенде өте ме деген болжам бар.

"Бәлкім, қоғам назарына түскенін қаламайтын шығар. Ендігәрі пойызға мінбеймін. Отырыс бір-ақ рет қана болмайды ғой, өзіңіз білесіз", - деді ол.

Қыз екі ай бойы есеңгіреп жүргенін айтып мұңын шақты. Ішкі істер органының қызметкерлері жыныстық қатынасқа өз қалауымен түстің бе деп талай рет сұраған көрінеді.

"Менің мәртебем, басшылық қызметте тәжірибем бар, оқу оқып жүрмін. Ал олар менімен жеңіл жүрісті қыз сияқты сөйлесті. Әбден еті үйреніп кеткен. Онсыз да жан күйзелісіне түсіп отырғанда, одан бетер қиналады екенсің", - дейді ол.

Былтыр қараша айында "Тұлпар-Тальго" пойызының екі жолсерігіне жолаушы әйелді зорлады деп айып тағылған еді. Қоғам қайраткері Дина Смайылова (Таңсәрі) жазғандай, ғылыми конференциядан қайтып келе жатқан жәбірленуші купені іштен жауып, ұйықтап қалған. Жолсеріктердің бірі қызметтік кілтпен есікті ашып, ұйқыдағы қызды зорлап тастайды. Кейін купеге екінші ер адам кіріп, қайта зорлаған.

Шымкенттік жігіт қыз алып қашып, зорлап, "әйелі" қылуға тырысқан

"Тұлпар-Тальго" пойызының жолсеріктері күдікке ілінген соң, қызметтен шеттетілді. Оларға қатысты қозғалған қылмыстық іс тергеу барысында Қылмыстық кодекстің 120-бабы 2-бөлімі 1-тармағына (жабылып зорлау) өзгертілді.

Шарасыз ана 18 жастағы қызын ұзақ уақыт зорлап келген күйеуін өлтіріп тынды

Тақырып бойынша

Жалғызбасты ана қызын зорлап жатқан үш еркекті жайратып салды
Олимпиада чемпионы бапкерін төрт жыл бойы зорлап келді деп айыптады
Шымкентте қараусыз жатқан үйде оқушы қызды зорлаған Алматы тұрғыны болып шықты
Ақтаулық қыздарды әкесі досымен бірге ұзақ уақыт зорлап келгені анықталды
Полицей мен үш досы бойжеткенді Балқаш көліне апарып аяусыз зорлады
Такси жүргізуші зорлап өлтірген қыз 5 минут бұрын жанұшыра көмек сұраған
Кілт сөздер:
жәбірленуші, қызды зорлау, жолсеріктер
Загрузка...

Басты тақырыптар