17:43 23 Тамыз 2019
Тікелей эфир
  • USD386.04
  • EUR427.77
  • RUB5.88
Кісен

Қазақстанның фермерлер одағының басшысы жиналыс үстінде ұсталды

© Sputnik / Тимур Батыршин
Оқиға
Қысқа сілтеме алу
755 0 0

Әуезхан Дариновқа зорлады деген айып тағылған

АСТАНА, 14 ақпан — Sputnik. 11 ақпан дүйсенбі күні "Қазақстанның фермерлер одағы" қоғамдық бірлестігінің төрағасы Әуезхан Даринов ұсталды. Бұл туралы үкіметтік емес ұйым хабарлаған.

Фермерлер одағының басшысы Астанадағы бірлестік кеңсесінде съезге дайындық туралы жиналыс барысында ұстапты. Бұл съезде 67 жастағы Даринов саланың дамуы бойынша өзекті мәселелерді көтеруге тиіс болатын.

"Ресми түрде Әуезхан Дариновқа зорлады деген айып тағылған. Съезд алдында бірінші басшының ұсталғанына бәріміз есеңгіреп қалдық", - деп хабарлады Қазақстанның фермелер одағы.

Sputnik Қазақстан Астананың полиция департаментіне хабарласқанымен, әзірге ақпарат берілген жоқ.

"Әріптестері мен жақындары Әуезхан Дариновты үлгілі отағасы, сүйген жар, асқар таудай әке және ата ретінде жақсы біледі. Жұмысбастылығына қарамастан, Әуезхан Қамашұлы сенбі-жексенбі күндері үнемі немерелерімен бірге болып, белсенді демалыс өткізеді. Олардың тәрбиесіне ерекше мән беріп, мәдени-спорттық шараларға алып барады. Осының бәрін алып қарасақ, ресми айыптау мүлдем ақылға қонбайды", - делінген Қазақстанның фермерлер одағының хабарламасында.

Қазақстанның фермерлер одағы – саланың даму мәселелері қаралатын пікірталас алаңқайы. Сол себепті бірінші басшының қатыспайтынына қарамастан, бірлестік съезд өткізуді жоспарлап отыр.

Тақырып бойынша

Ақтауда түрмеден қашып кеткен "Шрек" ұсталды
Вице-министрлер, полицейлер мен жауапты хатшы: 2018 жылдың парақорлары кімдер?
Нью-Йоркте қазақстандық қыз ұсталды
Қазақстанның солтүстігінде әкім 3 миллион теңге парамен ұсталды
Көлігімен алып кетіп, өлгенше ұрған: Ақмола облысында экс-әкімге үкім шықты
Кілт сөздер:
зорлау, ұстау, басшы
Загрузка...

Басты тақырып