Оқиға

Алматыда адвокат 315 мың доллар алып жатқан жерінен ұсталды

© Photo : pixabay.comПачки долларов
Пачки долларов - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Алматы қалалық адвокаттар алқасының қорғаушысы Әлімбетов кінәсін мойындады

АСТАНА, 18 ақпан — Sputnik. Жыл басынан бері Бас прокуратура аса ірі көлемде алаяқтық жасаған бірнеше қылмыстық топты ұстады.

Астана банкі - Sputnik Қазақстан
Қоғам
"Астана банкі" клиенттеріне алаяқтық әрекеттердің жиілеп кеткенін ескертті
Бұл адамдар "Bank RBK" және "Казкоммерцбанк" АҚ-да ақша жымқыру туралы қылмыстық істер бойынша куәгерлер мен күдіктілерден қылмыстық жауапкершіліктен босатамын деп ақша сұраған.

16 ақпанда 315 мың АҚШ долларын алғаны үшін Алматы қалалық адвокаттар алқасының адвокаты Әлімбетов пен азаматша Аманғалиева ұсталды, деп хабарлады Бас прокуратураның баспасөз қызметі.

 Осыдан бір ай уақыт бұрын талап етілген 1 миллион АҚШ долларының 500 мыңын алған сәтінде Алматы қаласы Мемлекеттік кірістер департаменті экономикалық тергеу қызметінің қызметкері Искаков пен жұмыссыз Сүлейменов қамауға алынған. 

Тағы оқыңыз: АҚШ-та ұсталған қазақстандық қыз алаяқтық жасағаны анықталды

Жоғарыда аталған адамдардың бәрі кінәсін мойындады, олар мұндай әрекетке тез баю ниетінде бардық деп түсіндірді.

Жаңалықтар
0