Оқиға

"Әдейі ұстамаған" Түркістанда полицейлер қамауға алынды

© Sputnik / Табылды КадырбековРука человека
Рука человека - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Тергеушілер В.Сухаревтің кісі қолынан қаза болғанын біле тұра жасырып, тергеу кезінде еш шара қолданбаған

АСТАНА, 20 ақпан – Sputnik. Түркістан қалалық полиция басқармасының тергеушілері мен тергеу бөлімінің басшысы адам өлтіру қылмысын жасырмақ болғаны үшін ұсталды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан бас прокуратураның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Драка, архивное фото - Sputnik Қазақстан
Елорда тынысы
Астанада бес полицей төбелестен кейін жұмысынан қуылды – видео
Түркістан қалалық полиция басқармасының тергеушілері А.Қалдыбеков, Е.Қалиев және осы басқармаға қарасты тергеу бөлімінің бастығы М.Сарманов В.Сухаревтің кісі қолынан қаза болғанын біле тұра жасырып, тергеу кезінде еш шара қолданбаған. Бас прокуратура аса ауыр қылмысты жасырған полицейлерді ұстады, олар сот санкциясымен қамауға алынды.

"Тергеушілерге 2018 жылдың қазан айынан бастап В.Сухаревтің өлтірілгенін дәлелдейтін нақты белгілердің болуына және күдіктінің анықталуына қарамастан, оны ұстау үшін және қылмыстық жауапқа тарту үшін еш шара қолданбады деген айып тағылды. Олар аталған фактіні жасырып, криминалды емес оқиға ретінде тергеген", - делінген хабарламада.

Прокуратура органдары араласқаннан кейін ғана қылмыстық іс адам өлтіру қылмысы болып өзгертіліп, осы қылмысты жасаған Ю.Тарасов тергеу изоляторына қамалды.

Тағы оқыңыз: Қазақстанның фермерлер одағының басшысы жиналыс үстінде ұсталды

Осыдан кейін Түркістан қалалық полиция басқармасы басшысының орынбасары қызметінен шеттетілді.

Қылмыстық істі тергеп-тексеру Түркістан облысының арнайы прокурорларына жүктелді, тергеу барысы Бас прокуратураның бақылауында.

Жаңалықтар
0