Оқиға

Қызылорданың шетінде жарылыс болды: екі әйел зардап шеккен

© Photo : предоставлено КЧС МВД РКГаз баллоны жарылды
Газ баллоны жарылды - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Жарылыс салдарынан үйдің қабырғасы құлаған, үйінді астынан 40 және 55 жастағы екі әйел құтқарылды

АСТАНА, 24 ақпан — Sputnik. Төтенше оқиға сенбі 23 ақпанда Қызылорда қаласының шетіндегі Қарауылтөбе ауылында болған.

Жеке үйде газ баллонындағы ақаудың кесірінен жарылыс болды, деп хабарлады ІІМ төтенше жағдайлар комитеті. Оқиға салдарынан үйдің қабырғасы құлап, 35 шаршы метр жерді басып қалған. Бірақ жарылыс салдарынан өрт шықпапты.

© Photo : предоставлено КЧС МВД РКҚызылорда шетіндегі жеке үйде жарылыс болды
Қызылорданың шетінде жарылыс болды: екі әйел зардап шеккен - Sputnik Қазақстан
Қызылорда шетіндегі жеке үйде жарылыс болды

Үйінді астынан 40 және 55 жастағы екі әйел құтқарылып, ауруханаға жатқызылды.

Оқиға орнына Қызылорда облысы төтенше жағдайлар департаментінің жеке құрамынан 17 адам мен бес көлік аттандырылған.

Пеш - Sputnik Қазақстан
Оқиға
Алматыда бір отбасындағы жеті адам уланып қалды

Тағы бір төтенше оқиға 23 ақпанда Қызылорда облысының Қамбаш ауылында болды. №21 мектептен өрт шыққаны туралы хабар өрт сөндірушілерге 11:24-те жеткен.

Белгілі болғандай, екі шаршы метр жерде мұржаның айналасындағы төбе жанған. Оқиға орнына ең жақын 70 километр қашықтықтағы өрт сөндіру бөлімінен жасақ келіп жеткенше, жергілікті тұрғындар тілсіз жауды өз күштерімен 12:20-да сөндіреді.

Қаза тапқандар мен зардап шеккендер жоқ. Бастапқы себебі – пешті орнатқанда өрт қауіпсіздігі ережесін сақтамау.

Жаңалықтар
0