21:45 21 Наурыз 2019
Тікелей эфир
  • USD378.17
  • EUR429.11
  • RUB5.88
Бойжеткен

Астанада екі жігіт жабылып қыз зорлады: біреуі 1,5 жылдан кейін Қырғызстанда қолға түсті

© Foto: StockSnap
Оқиға
Қысқа сілтеме алу
2242 0 0

Шоқан Әбілқасымов бір жылдан астам уақыт бойы Қырғызстанда жасырынып жүрген

АСТАНА, 6 наурыз — Sputnik. Бішкекте Қырғызстанның ішкі істер министрлігінің қызметкерлері Шоқан Әбілқасымовты ұстады. Ол бір жарым жыл бұрын Астанада жабылып қыз зорлады деген күдікке ілінген.

Күдіктінің ұсталғаны туралы мәліметті Қырғыз Республикасы ІІМ баспасөз қызметі хабарлады.

"Аламудун ауданының ішкі істер бөлімінің милиция қызметкерлері Аламудун ауылында жедел іздеу және профилактикалық шаралар жүргізу барысында Қазақстан Республикасында аса ауыр қылмыс жасап, мемлекетаралық іздеуде жүрген Қазақстан азаматы Шоқан Әбілқасымовты ұстады", - деп хабарлады Қырғызстан ішкі істер министрлігінің баспасөз қызметі.

Қазақстанның ішкі істер министрлігі де Әбілқасымовтың ұсталғанын растады. Ішкі істер министрінің кеңесшісі Нұрділдә Ораздың сөзіне сүйенсек, қырғыз құқық қорғаушыларымен бірге жүргізілген операция барысында күдікті қолға түсті.

Жолсеріктер жабылып зорлады деген әйел қысымға ұшырағанын айтты

"Шу облысындағы Аламудун ауылында Астана қаласында қыз зорлағаны үшін 2017 жылдан бері іздеуде жүрген Қазақстан Республикасының азаматы ұсталды. Қазір оны Қазақстанға экстрадициялау мәселесі қаралып жатыр", - деп хабарлады ол.

2017 жылдың жазында Астана тұрғынын екі жігіт жабылып зорлаған еді. Жәбірленуші қыз қашамын деп терезеден секіргенде, ауыр жарақат алды.

Полицей үш досымен бірге қызды Балқаш көліне апарып аяусыз зорлады

Күдіктілердің бірі Мұрат Ыдырысов бірден қолға түскен болатын. Ол 2018 жылдың 18 қаңтарында жасаған қылмысы үшін айыпты деп танылып, 10 жылға бас бостандығынан айырылды.

Екінші күдікті – Шоқан Әбілқасымов қашып кеткен еді. Ол осы уақытқа дейін көрші елде жасырынып жүрді.

Екі жігіт жабылып зорлаған 17 жастағы қыз үш күн айдалада жүрген

Кілт сөздер:
ұстау, Қырғызстан, зорлау, Астана
Загрузка...

Басты тақырып