20:12 22 Наурыз 2019
Тікелей эфир
  • USD378.17
  • EUR429.11
  • RUB5.88
Оқушы

Алматы облысында мектепте 4-сынып оқушысы көз жұмды

© Sputnik / Ксения Воронина
Оқиға
Қысқа сілтеме алу
1054 0 0

Өлім дерегі бойынша полиция тергеу жұмыстарын жүргізіп жатыр

АСТАНА, 7 наурыз – Sputnik. Алматы облысында мектеп оқушысы қайтыс болды.

Кербұлақ ауданындағы білім ошақтарының бірінде 4-сынып тәлімгері үзіліс кезінде есінен танып қалып, жедел жәрдем келгенше көз жұмған.

Жедел жәрдем
© Sputnik / Наталья Селиверстова
Дәрігерлер шақыртуға 7 минутта жетіпті. Баланың денесінде жарақат жоқ. Өлім дерегі бойынша полиция тергеу жұмыстарын жүргізіп жатыр, деп хабарлады Almaty.tv.

"Баланың неден қайтыс болғанын анықтау мақсатында сот медициналық сараптамасы тағайындалды. Сонымен қатар, Ішкі істер органдары жұмыс жүргізуде. Баланың бұған дейін ауырған-ауырмағаны қазір толығымен зерттеледі. Өйткені, үзіліс кезінде баланың аяқ астынан ұстамасы ұстап, одан кейін 7 минуттың ішінде қайтыс болғаны бізді де алаңдатып отыр", – деді Алматы облысы әкімі баспасөз қызметінің жетекшісі Ғалымұрат Жүкел.

Тақырып бойынша

Қарағандыда оқушы қыз жұмбақ жағдайда қаза болды
Қостанайда оқушы қыздың әкесі мұғалімнің жағын сындырды
Қостанай облысында оқушы қызды өлтірген адамға қатысты тың дерек шықты
Оралда дене тәрбиесі сабағынан кейін оқушы көз жұмды
Кілт сөздер:
мектеп, Алматы облысы, оқушы
Загрузка...

Басты тақырып