Оқиға

Петропавлда құрылыс алаңынан студент қыздың мәйіті табылды  

© Sputnik / Елена БережнаяНедостроенная многоэтажка в Петропавловске, рядом с которой было найдено тело студентки
Недостроенная многоэтажка в Петропавловске, рядом с которой было найдено тело студентки - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Полицейлер қыз өз-өзіне қол жұмсаған деп болжап отыр, тергеу жүргізілуде

ПЕТРОПАВЛ, 9 наурыз — Sputnik. Петропавлда салынып жатқан үйдің ауласынан қздың мәйіті табылды, алдын ала болжам бойынша, ол өзіне қол салған, деп хабарлады Sputnik Қазақстан тілшісі.  

Трагедия мереке күні, 8 наурызда болған. 

Ұшақ - Sputnik Қазақстан
Қоғам
Мәскеуде өзіне қол салған қазақстандық студенттің денесі елге жіберілді
Манаш Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінің бірінші курс студенті Петропал орталығында салынып жатқан "Трио" тұрғын үй кешенінің ауласынан табылған. Қазіргі таңда құрылыс тоқтап тұр, құрылысшылар мен техника жұмыс істеп жатқан жоқ.    

Полицейлер қыз өз-өзіне қол жұмсаған деп болжап отыр. Солтүстік Қазақстан облысы полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, аталған деррек сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай реестріне енгізілді.

 "ҚР ҚК 105-бабы 1-бөлігі (Өзiн-өзi өлтiруге дейiн жеткiзу) бойынша тергеу жүргізіліп жатыр. Бірқатар қажетті сараптама тағайындалды", — деп түсініктеме берді ведомствоның баспасөз қызметі.

Жаңалықтар
0