Оқиға

Астанада көпқабатты үйден шыққан өрттен 25 адам құтқарылды - фото

© Photo : Төтенше жағдайлар комитетіАстанадағы өрт
Астанадағы өрт - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Құтқарушылар тұрғын үйден 50 адамды эвакуациялады, олардың 12-сі - балалар

АСТАНА, 10 наурыз – Sputnik. Астанадағы тоғыз қабатты тұрғын үйден өрт сөндірушілер 25 адамды құтқарды, олардың төртеуі – балалар, деп хабарлайды төтенше жағдайлар комитетінің баспасөз қызметі.

Горящая спичка, иллюстративное фото - Sputnik Қазақстан
Елорда тынысы
Астананың орталығында тұрғын үй кешенінен өрт шықты – фото

"Бүгін 10 наурызда сағат 11:16 кезінде Құдайбердіұлы 31/1 мекенжайы бойынша орналасқан үйден өрт шыққаны туралы хабар түсті. Оқиға орнына жеті минутта жеткен өрт сөндірушілер тоғыз қабатты тұрғын үйдің екінші қабатында 20 шаршы метр жатын бөлмеде жиһаз бен үй заттары өртенгенін анықтады", - делінген хабарламада.

Қалың түтін салдарынан адамдарға қауіп төніп, өрт сөндірушілер бірден құтқару шарасына кіріскен. Автобаспалдақтың көмегімен 25 адам құтқарылды, олардың төртеуі балалар. Ғимараттан елу адам эвакуацияланыпты, арасында 12 бала бар.

Өрт 11.33-те ауыздықталып, сөндірілді. Себебі анықталып жатыр. Өртті сөндіруге жеке құрамнан 25 адам және жеті техника жұмылдырылған.

© Photo : Төтенше жағдайлар комитетіАстанада көпқабатты үйден өрт шықты
Астанада көпқабатты үйден өрт шықты - Sputnik Қазақстан
1/3
Астанада көпқабатты үйден өрт шықты
© Photo : Төтенше жағдайлар комитетіАстанада көпқабатты тұрғын үйден өрт шықты
Астанада көпқабатты тұрғын үйден өрт шықты - Sputnik Қазақстан
2/3
Астанада көпқабатты тұрғын үйден өрт шықты
© Photo : Төтенше жағдайлар комитетіАстанада көпқабатты үйден өрт шықты
Астанада көпқабатты үйден өрт шықты - Sputnik Қазақстан
3/3
Астанада көпқабатты үйден өрт шықты
1/3
Астанада көпқабатты үйден өрт шықты
2/3
Астанада көпқабатты тұрғын үйден өрт шықты
3/3
Астанада көпқабатты үйден өрт шықты
Жаңалықтар
0