Оқиға

Алматыда көлік аялдамаға соғылды: қаза болғандар бар

© SputnikАвтокөлік аялдамаға соғылды
Автокөлік аялдамаға соғылды - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Болжам бойынша көлік жүргізушісі оқиға кезінде мас болған

АЛМАТЫ, 17 наурыз – Sputnik. Алматыда жол апаты салдарынан бір адам көз жұмып, тағы екеуі жарақат алды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Куәгерлердің айтуынша, Toyota Corolla Тәтібеков көшесінің бойымен келе жатқан. Кенеттен жүргізуші рөлге ие бола алмай, аялдамаға соғылады. Бұл уақытта аялдамада адамдар автобус күтіп тұрған. Салдарынан үш адам жарақат алды.

Жол апаты Тәтібеков көшесінде болды
Алматыда көлік аялдамаға соғылды: қаза болғандар бар - Sputnik Қазақстан
Жол апаты Тәтібеков көшесінде болды

Белгілі болғандай, зардап шеккендердің бірі ауруханаға ауыр хәлде жеткізілген, кейін ол көз жұмды.

Жол апаты салдарынан бір адам көз жұмып, тағы екеуі жарақат алды
Алматыда көлік аялдамаға соғылды: қаза болғандар бар - Sputnik Қазақстан
Жол апаты салдарынан бір адам көз жұмып, тағы екеуі жарақат алды

Оқиға орнында жол сақшылары, криминалистер мен анықтаушылар жұмыс істеп жатыр.

Болжам бойынша, Toyota жүргізушісі оқиға кезінде мас болыпты.

Жаңалықтар
0