Оқиға

Алматы облысындағы түрмеде кісі өлімі болды: оқиғаның мән-жайы

© AFP 2024 / NOEL CELISТүрме
Түрме - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Қазіргі уақытта қызметтік тергеу жұмыстары жүргізіліп жатыр

АСТАНА, 18 наурыз - Sputnik. Алматы облысындағы қауіпсіздік деңгейі жоғары түзету мекемесінің бірінде жанжал шығып, салдарынан бір адам қаза тапты.

Тоқтар Төлешов - Sputnik Қазақстан
Қоғам
Терезе сүртіп, еден жуады: "сыра королінің" түрмедегі өмірі қандай - видео

Оқиға 17 наурызда болған, деп хабарлайды ішкі істер министрлігі қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің баспасөз қызметі.

"Алматы облысындағы қауіпсіздік деңгейі жоғары түзету мекемесінде жазасын өтеуші екі адам төбелесіп, бірі екіншісіне өткір зат сұғып, жарақаттады. Зардап шегуші көз жұмды", - делінген хабарламада.

Түрме басшылығы қазір төбелеске не себеп болғанын тергеп жатыр. Сонымен қатар, қызметтік тергеу барысында сотталған адам қару ретінде пайдаланған өткір затты қайдан алғаны анықталмақ.

Гүлнәр Каримованың түрмеде өзіне қол салғаны рас па?

Ведомствоның баспасөз қызметі атап өткендей, бұл жайт сотқа дейінгі тергеулердің бірыңғай реестріне енгізілді.

Жаңалықтар
0