07:44 22 Қыркүйек 2020
Тікелей эфир
  • USD421.58
  • EUR496.83
  • RUB5.53
Оқиға
Қысқа сілтеме алу
2340 0 0

Ми-8 тікұшағы апатында қаза тапқан капитанның артында 3 жасар ұлы қалды

НҰР-СҰЛТАН, 28 наурыз – Sputnik. Кеше апатқа ұшыраған тікұшақта Батыс Қазақстан облысының тумасы капитан Сырым Мәсәлім де болды.

29 жастағы әскери қызметкер Сырым ауданының Аралтөбе ауылында туған. Ақтөбе әуе қорғаныс күштері әскери инситутының түлегі. Марқұмның артында жары мен 3 жасар ұлы қалды.

Сырым отбасындағы кенже ұл. Екі әпкесі мен ағасы бар, деп хабарлады Хабар 24.

Ата-анасы қазір Орал қаласында тұрады. Әкесі Мәлкей ұлымен соңғы рет кеше күндіз телефон арқылы сөйлескенін айтады. 

"Балам жоқ дегенге әлі сенбей тұрмын, дегенмен, қазір ғана Қарулы Күштер департаментінен келіп кетті, 13 адам қайтыс болды, соның ішінде сіздің де балаңыз бар деп айтты. Балам мектеп бітірген соң өзі армандаған Талғат Бигелдинов атындағы әскери авиация институтына түскен еді. 2007-2011 жылдары білім алып, Ақтауға жіберілді", - дейді С.Мәсәлімнің әкесі Мәлкей Иманғалиев

Тақырып бойынша

157 адам мінген ұшақ апаты: бір жолаушының аман қалғаны белгілі болды
Қызылордадағы тікұшақ апаты: президент Тоқаев мәлімдеме жасады
Бортта 13 адам болған: Қызылордада құлаған тікұшаққа қатысты тың мәлімет шықты
"Құл-Мұхаммед пен Тұрлыханов та құлап еді" - Қазақстанда болған тікұшақтар апаты
Загрузка...

Басты тақырып