13:38 18 Тамыз 2019
Тікелей эфир
  • USD386.82
  • EUR428.67
  • RUB5.86
Ротвейлер

Алматыда қабаған иттер екі жасар қызды шайнап тастады

CC0 / pixabay.com
Оқиға
Қысқа сілтеме алу
462 0 0

Иттерді ветеринар қызметі алып кетті, тергеу шаралары жүріп жатыр

АЛМАТЫ, 29 наурыз — Sputnik. Алматыда ротвейлер тұқымдас екі ит екі жасар қызды талап өлтірді, деп хабарлады мемлекеттік ветеринар қызметі.

Қайғылы оқиға Алатау ауданы Құрылысшы шағын ауданында болған. Сәби алған жарақатынан оқиға орнында көз жұмды. Кішкентай қыз өз үйінде жүргенде қабаған иттер бас салған.

Иттерді ведомство қызметкерлері алып кетті, қазір иттер мен мысықтарды уақытша ұстау изоляторына қамап қойған. Аталған дерек бойынша тергеу жұмыстары жүріп жатыр, оқиғаның мән-жайы анықталады.

Бір жыл бұрын елордада қолға үйретілген ит екі адамды қауып алған. Әуелі иесінің көршісін, содан соң қожайынның өзін. Болжам бойынша, үй жануарына қаңғыбас иттерден құтыру дерті жұққан екен.

Кілт сөздер:
қыз, қабаған ит, Алматы
Загрузка...

Басты тақырып