Оқиға

Бішкекте үш қазақстандық жігіт ұсталды

© Sputnik / Тимур Батыршинкісен, архивтегі сурет
кісен, архивтегі сурет - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Ұсталғандар зардап шегушінің 68 мың сомын тартып алды деген күдікке ілінді

АЛМАТЫ, 7 сәуір — Sputnik. Бішкек милициясы мен арнайы қызмет сарбаздары кісі тонауға қатысы болуы мүмкін Қазақстанның үш азаматын ұстады, деп хабарлайды Sputnik Қырғызстан ішкі істер бас басқарамасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Сотталушылар - Sputnik Қазақстан
Қоғам
320 миллион теңгеден астам қаражат қымқырған қазақстандықтар Ресейде ұсталды
Базардың бірінде белгісіз біреулер өзін тонап, 68 мың сомын (шамамен 370 мың теңге) алып қойды деп ер адам милицияға шағым түсірген. Зардап шегушінің айтуынша, тонаушылар оған күш қолданған.

"Милицияға 40 жастағы А. И. деген азамат шағым түсірді. Белгісіз біреулер оның 68 мың сомын тартып алып, қашып кеткен. Бұл факті Қырғыз Республикасы қылмыстық кодексінің 201-бабы, яғни "Тонау" бойынша тіркелді ", — деп жазылған хабарламада.

Тәртіп сақшылары күдіктілер мінген көлікті анықтаған. Ол қазақстандық нөмірі бар ақ Toyota Camry көлігі болып шықты. Көлікті Аламудун ауданы Ленин ауылынан табады. Милициядан қашпақшы болған күдіктілер жол апатына түседі. Тәртіп сақшылары оқ атқан кезде ішіндегі адамдар көлікті тастап тұра қашқан. Бірақ олардың бәрі ұсталды.

"Үш күдікті де Қазақстан азаматтары. Біреуі 21-де, екіншісі 28-де, үшіншісі 29 жаста", — дейді милициядағылар.

Көлікті тінту кезінде Макаров тапаншасының 5 оғы табылған, ал күдіктілердің қалтасынан 920 доллар көлемінде ақша шыққан. Қазір олар уақытша қамау изоляторына тоғытылып, басқа да қылмысты істерге қатысы бар-жоқтығы тексеріліп жатыр.

Жаңалықтар
0