Өңірлер

Шымкентте автокөлік көпірге соғылып, жолаушы өртеніп кетті

© Photo : Otyrar.kzАвтомобиль врезался в опору моста на трассе на юге Казахстана
Автомобиль врезался в опору моста на трассе на юге Казахстана - Sputnik Қазақстан
Жазылу
"Audi 100" автокөлігі қатты жылдамдықпен көпірдің бетон тіреуіне соғылған

НҰР-СҰЛТАН, 8 сәуір — Sputnik. Шымкент-Леңгір автожолында, Қапал батыр көшесінде жантүршігерлік жол апаты болды.

Нұр-Сұлтандағы жантүршігерлік жол апаты - Sputnik Қазақстан
Елорда тынысы
Нұр-Сұлтандағы жантүршігерлік жол апаты: оқиға орнында түсірілген видео
Жоғары жылдамдықпен келе жатқан "Audi 100" автокөлігі көпірдің бетон тіреуіне соғылған. Салдарынан автокөлік өртеніп кетті, деп жазды otyrar.kz.

Жүргізуші жедел жәрдеммен ауруханаға жеткізілді. Шетелдік көліктің жолаушысы оқиға орнында көз жұмды.

Оқиға куәгерлері алдыңғы орында өртенген мәйітті көргендерін айтуда.

Расталмаған мәліметтерге қарағанда, көлікте тағы екі адам болған. Оқиға орнына өрт сөндірушілер келіп, қызыл жалынды сөндірді. Тексеру жұмыстары жүргізілуде.

Жаңалықтар
0