23:36 23 Шілде 2019
Тікелей эфир
  • USD384.52
  • EUR431.32
  • RUB6.10
Новый терминал международного аэропорта Астаны

"Дос-Мұқасан" тобының әншісі әуежай қызметкеріне қол көтеріп, істі болып жатыр

© Photo : АО "НК "КТЖ"
Оқиға
Қысқа сілтеме алу
2955 0 0

Келеңсіз жайт Нұрсұлтан Назарбаев халықаралық әуежайында болған

НҰР-СҰЛТАН, 17 сәуір – Sputnik. Әйгілі "Дос-Мұқасан" тобының әншісі Мұрат Құсайынов әуежай қызметкеріне қол көтеріп, денсаулығына зиян келтірді, деп хабарлады "Эйр Астана" әуе компаниясының баспасөз қызметі.

"2019 жылдың 14 сәуірінде "Нұр-Сұлтан – Алматы" бағытына қатынайтын КС 852 ұшағынан тәртіпке бағынбаған жолаушы шығарылды. Ұшаққа отырғызу барысында Мұрат Құсайынов қатты сөйлеп, бейәдеп сөздер айтқан", - деп жазылған хабарламада.

Баспасөз қызметінің мәліметінше, әншінің әрекеті жолаушыларға қауіп төндірген.

"Экипаж мүшелері оны ұшаққа отырғызудан бас тартқан. Әнші әуе компаниясы қызметкерлерінің көзінше жолаушыларға қызмет көрсету бөлімі басшысының маңдайына қатты соққы жасап, оның денсаулығына зиян келтірді", - деп хабарлады әуежай қызметкерлері.

"Эйр Астана" әуе компаниясы жолаушылардың заңға қайшы әрекетіне мүлде жол бермейтінін мәлім етті.

Компания зардап шеккен қызметкеріне барлық көмекті көрсететінін атап өтіп,  "Дос-Мұқасан" тобының мүшесі заң алдында тиісті жазасын алатынын мәлім етті.

"Әуе компаниясы Нұр-Сұлтан қаласы әуежайындағы полиция бөліміне Мұрат Құсайыновты жауапқа тарту және сотқа дейінгі тергеу жүргізу жөнінде арыз түсірді", - дейді әуе компанияның баспасөз қызметі.

Тақырып бойынша

"Сөмкеден қол шығып тұр" Алматы әуежайының қызметкері полиция шақыруға мәжбүр болды
Әуежайда ұшақтан түсірілген сөмкеден бес айлық сәби табылды - видео
Әуежайда шу шығарған Төреғали Төреәлі жазаланды
Қытай азаматтары Атырау әуежайында жанжал шығарды
"Убери руки" Алматы әуежайында болған келеңсіз жайттың видеосы жарияланды
Кілт сөздер:
әуежай, төбелес, Дос-Мұқасан
Загрузка...

Басты тақырып