09:19 06 Желтоқсан 2019
Тікелей эфир
  • USD385.76
  • EUR427.89
  • RUB6.04
Картоп

Ажалы картоптан болды: Ақмола облысында төрт адам жертөледе көз жұмды

CC0
Оқиға
Қысқа сілтеме алу
7858 0 0

Төрт азаматтың үшеуі жертөледе көз жұмды, ал 17 жастағы бозбала ауруханаға бара жатқан жолда қайтыс болды

АЛМАТЫ, 19 сәуір — Sputnik. Ақмола облысында Тәжікстанның төрт азаматы бұзылған картоптың иісіне уланып өлді.

Державин қаласы Жарқайың ауданында бейсенбі кешке 1971, 1975, 1981 жылғы үш ер адам және 17 жастағы бозбала жер үйдің жертөлесіне картоп алмақ боп түседі. Үшеуі сол мезетте бірден көз жұмды, деп хабарлайды ішкі істер министрлігінің төтенше жағдайлар комитеті.

"Үшеуі оқиға орнында көз жұмған, ал бозбала ауруханаға барар жолда мерт болды. Марқұмдар - Тәжікстан Республикасының азаматтары. Алдын ала жасалған болжам бойынша, олар шіріген картоптың иісіне тұншығып өлді", - делінген хабарламада.

Осы айдың басында ғана тура осындай қайғылы оқиға Алматы облысында болған еді. Текес ауылында төрт адам уланып, оның бірі мерт болған. Алдын ала жасалған болжам бойынша, жертөле бұзылған картоптан шыққан улы газға бөгіп тұрған, олар содан тұншыққан.

Тақырып бойынша

Ақмола облысында жүргізуші екі жасар ұлын басып өлтірді
Ғалымдар түрлі түсті картоп өсіріп шығарды
Көлігімен алып кетіп, өлгенше ұрған: Ақмола облысында экс-әкімге үкім шықты
Ақмола облысында бөгет бұзылды: ІІМ түсініктеме берді
Қазақстандықтар биыл ет пен картоп жеуді азайтқан
Ақмола облысында жұмбақ жағдайда жоғалып кеткен ер адам іздестірілуде
Кілт сөздер:
картоп, Ақмола облысы
Загрузка...

Басты тақырып