16:41 24 Қаңтар 2020
Тікелей эфир
  • USD377.86
  • EUR418.74
  • RUB6.10
Оқиға
Қысқа сілтеме алу
1591 0 0

Оқыс оқиға Қорғалжын ауылында аудандық білім бөлімінің ғимаратында болған

АЛМАТЫ, 22 сәуір – Sputnik. Ақмола облысы Қорғалжын ауылында ер адам өзінің бұрынғы әйелін кепілге алды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі облыстық полиция департаментіне сілтеме жасап.

Оқыс оқиға 22 сәуірде болған. Қорғалжын полиция бөлімшесіне таңғы 9:35-те аудандық білім бөлімінде қолында суық қаруы бар ер адамның бұрынғы әйелін кепілге алғандығы туралы хабар келіп түскен. Жәнтіке ауылының 33 жастағы тұрғыны білім бөлімі директорының кабинетінде бұрынғы әйелін кепілге алады. Ол балаларын қайтаруды, одан соң ғимараттан аман-есен шығу үшін көлік талап еткен.

Тағы оқыңыз: Қарағанды тұрғыны туған қызын кепілге алды

Полицейлер шалт қимылдап, 1 сағат ішінде 31 жастағы әйелді босатады.  

Алдымен полиция ғимаратты қоршауға алған. Содан кейін кепілге алушыны танитын Қорғалжын аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері онымен тікелей байланысқа шығады.

"Күдікті қолға түсіп, қолындағы мылтығы мен пышақ тәркіленді. Тегіс ұңғымалы мылтыққа күдіктінің рұқсат қағазы бар. Кепілге алынған әйел босатылды. Оны дәрігерлер қарап, денесінен ешқандай жарақаттың іздерін тіркемеді" , - деп хабарлады полицияның баспасөз қызметі.

Кепілге алынған әйелді босату кезінде ешкім зардап шеккен жоқ.

Бұл оқиғаға қатысты қылмыстық кодекстің 261-бабы "Кепілге алу" бойынша қылмыстық іс қозғалды. Күдікті 7-ден 12 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

Тақырып бойынша

Ауыл тұрғыны өзіне сұрақ қойған әйелін пышақтап тастады
Әйелін талдырып, өгей қызын зорлады: ауыр қылмыс жасаған ақтөбелік ұсталды
Сал бала туғаны үшін әйелін тастап кеткен актердің сөзі жұрттың ашуын келтірді
Қытай "спецназы" банкте кепілге алынған қызды қулықпен босатты – видео
"Қатты өкінемін". Әйелін құтқарып қалған ер адам анасы мен ұлынан айырылды
Талдықорған тұрғыны өзінің 5 жасар ұлын кепілге алды
Загрузка...

Басты тақырып