05:06 18 Қазан 2019
Тікелей эфир
  • USD389.94
  • EUR433.50
  • RUB6.10
Шахта

Бестөбедегі алтын кенішінде төтенше жағдай: қаза тапқандар бар

© AP Photo / David Goldman
Оқиға
Қысқа сілтеме алу
170820

Қаза тапқандар алтын кенішіне заңсыз түскендер екені белгілі болды, біреуі аман қалды

КӨКШЕТАУ, 27 сәуір – Sputnik. Ақмола облысында "Қазақалтын" тау-кен комбинатына тиесілі Бестөбедегі кеніште тау жыныстары опырылып, салдарынан екі адам қаза тауып, біреуі ауруханаға жеткізілді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Оқиға сенбі, 27 сәуірде таңғы сағат 04.00-те болған. Өңірлік төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі хабарлағандай, кен тастары опырылған кезде шахтаның ішінде болған үш адам кенішке заңсыз түскендер болып шықты. 

"Екі адам қаза тапты. Екеуі де шахтаға заңсыз алтын іздеп түскендер. 50 жастағы үшінші ер адам жарақат алып, қабырғасы мен қолы сынды. Оның жағдайын дәрігерлер орташа деңгейде деп бағалап отыр. Ол Степногорскідегі ауруханаға жеткізілді", - деді Ақмола облысы төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз хатшысы Динара Есенбаева.

Қаза тапқандардың бірінің кім екенін анықталды, ол 1976 жылы туған К. С. есімді азамат.

"Кенішке заңсыз түскендердің қай елді мекеннің тұрғындары екені әзірге белгісіз. Құжаттары жоқ. Қазір екінші адамның кім екенін анықтап жатырмыз", - деді оқиға орнында болған Степногорск төтенше жағдайлар басқармасының инспекторы Сұңғат Абраев.

Қаза болғандар мен аман қалған тұрғынды үйінді астынан "Қазақалтын" комбинатының жанындағы тау-кен құтқару жасағының мамандары мен төтенше жағдайлар басқармасының құтқарушылары алып шықты.

Тағы оқыңыз: Алматының қақ ортасында жылу құбыры жарылды: төрт адам күйіп қалды

Тақырып бойынша

Түркістан облысында көпқабатты үйдің төрт тұрғыны уланып қаза тапты 
Ақтөбедегі автобус өртінде қаза тапқандар Өзбекстанда жерленді
Жолаушылар ұшағы тікұшақпен соқтығысты: қаза тапқандар бар
Алматыдағы жантүршігерлік жол апатында бойжеткен мен үш жасар сәби қаза тапты
Нұр-Сұлтан қаласында үш автобус соқтығысты: қаза тапқандар бар - видео
Шри-Ланкадағы жарылыстардан қаза тапқандар саны 160 адамға жетті
Кілт сөздер:
төтенше жағдай
Загрузка...

Басты тақырып