Оқиға

Алматыда мотоцикл мен жеңіл көлік соқтығысты — зардап шеккендер бар

© SputnikШаляпин көшесінде жеңіл көлік пен мотоцикл соқтығысты
Шаляпин көшесінде жеңіл көлік пен мотоцикл соқтығысты - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Жол-көлік оқиғасы салдарынан екі адам жарақат алды

НҰР-СҰЛТАН, 2 мамыр — Sputnik. Алматыда мамырдың 1-нен 2-не қараған түні мотоцикл мен жеңіл көлік соқтығысты, деп хабарлады құқық қорғау органдары Sputnik Қазақстан тілшісіне.

Куәгерлердің айтуынша, Mitsubishi Galant көлігі Шаляпин көшесінің бойымен батыс бағытқа қарай бара жатқан. Өтеген батыр мен Алтынсарин көшелеріне жеткенде жүргізуші артқа бұрылмақ болыпты.

© SputnikШаляпин көшесінде жеңіл көлік пен мотоцикл соқтығысты
Алматыда мотоцикл мен жеңіл көлік соқтығысты — зардап шеккендер бар - Sputnik Қазақстан
Шаляпин көшесінде жеңіл көлік пен мотоцикл соқтығысты

Дәл осы кезде Шаляпин көшесімен шығыс бағытқа қарай Yamaha мотоциклі жүріп келе жатқан. Ол дер кезінде бұрылып кете алмай, аса қатты жылдамдықпен Mitsubishi көлігіне соғылды.

Салдарынан мотоцикл жүргізушісі мен жолаушысы жарақаттанды. Екеуі де ауруханаға жеткізілді.

Жаңалықтар
0