Оқиға

Алматыда құдықтың қақпағы автобусты тесіп өтті: жолаушы ауыр жарақат алған - фото

© Sputnik / стрингерАлматыда құдықтың қақпағы автобусты тесіп өтті
Алматыда құдықтың қақпағы автобусты тесіп өтті - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Төтенше оқиға салдарынан жолаушы әйелдің аяғы сынды

АЛМАТЫ, 2 мамыр — Sputnik. Алматыда жаңбыр суы ағатын құдықтың бекітілмеген қақпағы жол апатына себепші болды. Оқиға салдарынан жолаушы әйел аяғын сындырып, ауруханаға жатқызылды.

Төтенше жайт таңғы сағат он кезінде Шығыс айналма жолы мен Халиуллин көшесінің қиылысында болған.

© Sputnik / стрингерАлматыда құдықтың қақпағы автобусты тесіп өтті
Алматыда құдықтың қақпағы автобусты тесіп өтті: жолаушы ауыр жарақат алған - фото - Sputnik Қазақстан
Алматыда құдықтың қақпағы автобусты тесіп өтті

Қалалық автобустың 65 жастағы жүргізуші әдеттегі бағдар бойынша келе жатады. Шығыс айналма жолдан өтіп, Халиуллин көшесіне шыққан. Кәріз құдығының үстінен өтіп бара жатқанда, қатты соққы болып, артынша жолаушы әйелдің шыңғырған үні естіледі.

Тағы оқыңыз: Алматыда мотоцикл мен жеңіл көлік соқтығысты

Көлікті тоқтатып қараса, жаңбыр суы ағатын құдық қақпағының жартысы жолаушы әйел отырған жерден автобустың астын тесіп өтіпті.

© Sputnik / стрингерЖаңбыр суы ағатын құдық
Алматыда құдықтың қақпағы автобусты тесіп өтті: жолаушы ауыр жарақат алған - фото - Sputnik Қазақстан
Жаңбыр суы ағатын құдық

Зардап шегуші аяғының қатты ауырып тұрғанын айтып, жедел жәрдем шақыруды сұрайды. Оқиға орнына жеткен дәрігерлер әйелдің аяғы сынғанын хабарлап, ауруханаға алып кетті.

Қазір төтенше оқиға орнында коммуналдық қызметтер жұмыс істеп жатыр. Алматы полициясы болған жайтты тергеп, айыптыны анықтайды.

© Sputnik / СтрингерОқиға орнында коммуналдық қызмет жұмыс істеп жатыр
Алматыда құдықтың қақпағы автобусты тесіп өтті: жолаушы ауыр жарақат алған - фото - Sputnik Қазақстан
Оқиға орнында коммуналдық қызмет жұмыс істеп жатыр

Еске сала кетсек, дұрыс бекітілмеген құдық қақпағы екі жыл бұрын Алматыдағы жантүршігерлік жол апатына себепші болған еді. Оқиға салдарынан Екатерина Парафиева екі аяғынан айырылды.

Тағы оқыңыз: Екі аяғынан айырылған Екатерина Парафиева жол апатының қалай болғанын айтты

Жаңалықтар
0