02:59 15 Қараша 2019
Тікелей эфир
  • USD388.49
  • EUR427.26
  • RUB6.06
Жанып жатқан микроавтобус, архивтегі сурет

Петропавлда жолаушы толы автобус көше ортасында өртеніп кетті – видео

© Sputnik / Алексей Куденко
Оқиға
Қысқа сілтеме алу
4146 0 0

Он екі жолаушы қоғамдық көліктен өз күшімен шығып үлгерген

НҰР-СҰЛТАН, 12 мамыр – Sputnik. Петропавлда үш күн ішінде осымен екінші қоғамдық көлік түгі қалмай жанып кетті, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Төтенше жағдай 11 мамыр күні болған. 101 телефон нөміріне сағат 10:29-да Петропавлдағы Интернациональная көшесінде 2А жолаушылар автобусының жанып жатқаны туралы хабар келіп түскен. Бұл туралы Солтүстік Қазақстан облысы ТЖ департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от ПЕТРОПАВЛОВСК ❤ КАЗАХСТАН 👍 (@skopetro)

"Қоғамдық көліктің он екі жолаушысы өз күшімен сыртқы шығып үлгерді. Өрт сөндірушілер дереу төтенше жағдай орнына аттанды. Олар келген кезде, яғни сағат 10:35-те автобус толығымен отқа оранған еді. Өрт 10:42-де сөндірілді, жалын 10 шаршы метр аумақты шарпыды", - деп мәлімдеді ведомстводан.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от ПЕТРОПАВЛОВСК ❤ КАЗАХСТАН 👍 (@skopetro)

Көлік түгі қалмай жанып кеткен. Қаза болғандар мен зардап шеккендер жоқ. Болжам бойынша өртке электр сымдарының қысқа тұйықталуы себеп болған.

Бұл осымен үш күн ішінде өртеніп кеткен екінші автобус. 9 мамыр күні Петропавл қаласында 8М қоғамдық көлігі жанып кеткен болатын. Абырой болғанда ешкім зардап шеккен жоқ.

Тақырып бойынша

Нұр-Сұлтандағы өрт: 350 тұрғын үйлерін тастап, қашып шықты
Елордадағы өрт: бір жасар сәби жансақтау бөлімінде жатыр
Ақтөбенің орталық базарында ірі өрт болды – фото
Кілт сөздер:
жолаушылар автобусы, өрт, Петропавл, автобус
Загрузка...

Басты тақырып