19:26 16 Желтоқсан 2019
Тікелей эфир
  • USD383.95
  • EUR429.26
  • RUB6.16
Қыз бетін жауып отыр

"Кептерханаға кіргізген" Павлодарда зейнеткер 15 жастағы мүгедек қызды зорлап тастады

© CC0 / Hans Kretzmann
Оқиға
Қысқа сілтеме алу
11457 0 0

Павлодарлық келіншектің айтуынша, сот 15 жастағы қызын зорлаған зейнеткер көршісін ақтап жіберіпті

НҰР-СҰЛТАН, 12 мамыр – Sputnik. Павлодарда мүгедек қызы зорланған ана өзінің жанайқайына құзырлы мекемелер бас ауыртпай отырғанына ашынып отыр.

Сұмдық оқиға 2016 жылдың қазан айында болған. Сал ауруына шалдыққан қызды зейнет жасына жеткен көршісі зорлапты. Ол кезде жеткіншек небәрі 15 жаста болған, деп хабарлайды "Еуразия" Бірінші арнасы.

Шымкентте 9 жасар қызға ойына келгенін істеп, зорлап тастаған азғынға үкім шықты

"Ол менің қызымды қолынан ұстап, өзінің ауласына қарай апарған. Сондағы кептерханаға кіргізіп, қолына көгершін ұстатқан. Қызым көгершінді сипап тұрғанда, күштеп шалбарын шешіп, арам пиғылын іске асырған", - дейді Марина есімді келіншек.

Болған сұмдық жайтты қызы бірден анасына айтқан. Мұны естіген анасы жанын қоярға жер таппай дереу құзырлы органдарға арыз жазған. Ал келесі күні тәртіп сақшыларына берген жауабында көршісі барлығын жоққа шығарып, мұның бәрі мүмкіндігі шектеулі қыздың ойынан шығарғаны деп,  өзіне жала жабылғанын жеткізген.

Мас адам әйелі екен деп 15 жастағы қызын зорлап тастады

Әйелдің айтуынша, тергеу екі жылға созылып, сотқа жеткен. Алайда сот қызын зорлаған ер адамды ақтап шығарыпты.

"Ол түк-болмағандай күліп-ойнап, бостандықта жүр", - деп ашынады келіншек.

Сот процесі барысында қыздың жүйкесі сыр беріп, психиатриялық ауруханадан бір-ақ шыққан. Осы оқиғадан кейін жәбір көрген қыз адам танымастай өзгеріп кетіпті.

"Бұл сұмдық оқиғадан кейін баламның жүйкесі сыр беріп, тым ашуланшақ болып кетті. Адамдарды жек көреді. Қазір тіпті не істерімді де білмеймін", - дейді шарасыз ана.

Әділдік іздеп шырылдаған ана бар қиындыққа қарамастан, істі соңына дейін жеткізуге бекініп отыр. Қазір Марина бірінші инстанциялық соттың шешімін өзгерту үшін апелляциялық шағым түсірген. Алайда осы арызы бойынша істің қашан қаралатыны әлі белгісіз.

Загрузка...

Басты тақырып