21:47 23 Шілде 2019
Тікелей эфир
  • USD384.52
  • EUR431.32
  • RUB6.10
Автобус

"Қызылға" өтіп кеткен: Нұр-Сұлтанда автобус адамдарды қағып кетті

© Sputnik / Болат Шайхинов
Оқиға
Қысқа сілтеме алу
797 0 0

Жол апаты туралы зардап шеккен қыздың анасы әлеуметтік желіде хабарлап, көмек көрсеткен жігітке алғысын білдірді

НҰР-СҰЛТАН, 13 мамыр — Sputnik. Нұр-Сұлтанда автобус бағдаршамның қызыл жарығына тоқтамай, екі жаяу жүргіншіні қағып кетті. Жүргізуші қызметінен шеттетілген, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан "Астана LRT" компаниясына сілтеме жасап.

"12 мамыр күні 07.52 кезінде Қабанбай батыр даңғылында №21 автобус бағдаршамның қызыл жарығына тоқтамай, алдыңғы бамперінің оң жағымен екі жаяу жүргіншіні қағып кетті", - делінген хабарламада.

Оқиға салдарынан қыз бала зардап шеккен. Бұл туралы оның анасы әлеуметтік желіде жазды.

"Жексенбі, таңертең, күн енді басталған шақ, адам аз... Неге сонша қатты жүреді? Бұл автобуста жас жігіт болған. Қызыма есін жиып, заттарын жинауға көмектесті, біз келгенше қасында болды. Ес-ақылым шығып, атын да сұрамаппын. Оған көп рахмет!", - деп жазды Әсия Манахбаева.

Тағы оқыңыз: Автобус кілт тоқтаған: жолаушылардың астында қалған зейнеткер ауыр жарақат алды

Жүргізушіге қатысты әкімшілік полиция басқармасы хаттама толтырған. Істің материалдары тергеу органына жіберілді, енді процестік шешім шығарылуы тиіс.

Кілт сөздер:
жол апаты, автобус, Нұр-Сұлтан
Загрузка...

Басты тақырып