09:23 18 Қараша 2019
Тікелей эфир
  • USD388.07
  • EUR427.54
  • RUB6.08
Қылмыскер

Нұр-Сұлтанда екі жігіт жабылып қыз зорлады: күдікті елге қайтарылды

© Sputnik / Евгений Биятов
Оқиға
Қысқа сілтеме алу
4624 0 0

Қылмыскерлерден қашып құтылмақ болған қыз терезеден секіріп, ауыр жарақат алған

НҰР-СҰЛТАН, 13 мамыр — Sputnik. Қырғызстанның жазалауды орындау жөніндегі мемлекеттік қызметі жабылып қыз зорлады деген айып тағылып отырған қазақстандықты экстрадициялады. Аса ауыр қылмыс жасаған қаскөй Қырғызстанға қашып кеткен болатын.

"Қырғызстанның Бас прокуратурасы Қазақстанның Бас прокуратурасының сұрауын қанағаттандырып, Шоқан Әбілқасымовты елге қайтарды", - деп жазылған ведомствоның хабарламасында.  

Тағы оқыңыз: Шымкентте 9 жасар қызға ойына келгенін істеген азғынға үкім шықты

Астана қаласы (қазіргі Нұр-Сұлтан) тұрғынын жабылып зорлады деген айып тағылған қазақстандыққа мемлекетаралық іздеу жарияланған болатын.

Оны 2019 жылдың наурыз айында Қырғызстанның құқық қорғау органдары Шу облысының Аламудун ауылында қолға түсірді. Әбілқасымовты елге қайтаруды Қырғызстанның жазалауды орындау жөніндегі мемлекеттік қызметі ұйымдастырды, деп жазылған хабарламада.

Қадағалаушы орган мәліметіне сәйкес, 6 мамыр күні Әбілқасымов Қазақстанға қайтарылып, тиісті органдарға тапсырылған.  

Нұр-Сұлтандағы қылмыс

2017 жылдың жазында астана тұрғынын екі жігіт жабылып зорлаған еді. Жәбірленуші қыз қашамын деп терезеден секіргенде, ауыр жарақат алды.

Тағы оқыңыз: Алматылық жігіт қызды кездесуге шақырып, әжетханада зорлады

Күдіктілердің бірі Мұрат Ыдырысов бірден қолға түскен болатын. Ол 2018 жылдың 18 қаңтарында жасаған қылмысы үшін айыпты деп танылып, 10 жылға бас бостандығынан айырылды.

Екінші күдікті – Шоқан Әбілқасымов қашып кеткен еді. Ол осы уақытқа дейін көрші елде жасырынып жүрген.

Тақырып бойынша

"Қыздығын сатып..." Ғалым өзгенің тағдырын шоуға айналдырғандарды қатаң айыптады
Мас адам әйелі екен деп 15 жастағы қызын зорлап тастады
Өзін зорлаған ер адамнан аяусыз кек алған әйел темір торға қамалды
Алматыда "Медеудің" әжетханасында зорланған қызға қатысты тың дерек шықты  
Әйелін талдырып, өгей қызын зорлады: ауыр қылмыс жасаған ақтөбелік ұсталды
Кілт сөздер:
ауыр қылмыс, қыз, жігіт, Нұр-Сұлтан
Загрузка...

Басты тақырып