13:36 22 Мамыр 2019
Тікелей эфир
  • USD378.87
  • EUR422.40
  • RUB5.87
Ми-8

Қызылордадағы трагедия: 13 әскери қаза болған Ми-8 апатының нақты себебі анықталды

© Sputnik / Игорь Онучин
Оқиға
Қысқа сілтеме алу
455 0 0

Қара жәшікті тексеру барысында экипаждың апаттан аман қалу үшін ақырына дейін күрескені белгілі болды

НҰР-СҰЛТАН, 17 мамыр — Sputnik. Қызылорда облысында Ми-8 әскери тікұшағының апатқа ұшырауы бойынша тергеу жұмыстары аяқталды, деп хабарлады Қазақстанның қорғаныс министрлігі.

"Тергеу қорытындысы бойынша комиссия тікұшақ күтпеген метеорологиялық факторлардың кесірінен апатқа ұшырады деген шешімге келді. Ауа райының алдын ала болжау мүмкін емес құбылысы мен адами фактор салдарынан тікұшақ қиын жағдайдағы режимде ұшып, ақыры соңында әуеде қираған", - деп хабарлады ведомство.

Сонымен қатар министрлік атап өткендей, тікұшақ экипажы аман-есен қону үшін бар күш-жігерін салып, соңына дейін күрескен.

Қаза болған әскерилерге марапат

Қазақстан президенті – Қарулы Күштердің жоғарғы бас қолбасшысының жарлығымен Ми-8 тікұшағы апатынан қаза болған әскери қызметшілер әскери және қызметтік міндеттерін үлгілі атқарғаны үшін "Жауынгерлік ерлігі үшін" медальдерімен марапатталып, наградалар Отан қорғаушы күні және Ұлы Жеңіс күні қарсаңында марқұм жауынгерлердің туыстарына табысталды.

Тағы оқыңыз: Ми-8 апаты - қаза тапқан әскеридің бірі туыстарына хабарлама жолдаған

Құрбандардың отбасына көмек

Қазақстанның қорғаныс министрлігі тарапынан қаза болған әскерилердің туған-туыстарына психологиялық, материалдық және басқа да көмек көрсетіліп қана қоймай, заңнамаға сәйкес барлық тиісті әлеуметтік кепілдік пен төлем орындалып жатыр. Қорғаныс министрінің тапсырмасы бойынша әскери қызметшілердің отбасына көмек көрсету бір ретпен шектелмейді. Көмек көрсетуді әрі қарай қадағалау әскери әуе күштерінің әуе базалары командирлеріне, гарнизон бастықтарына тапсырылған.

Тағы оқыңыз: Қызылордадағы апат: қаза болған әскерилердің отбасына баспана беріледі

Ми-8 тікұшағы апаты

27 наурыз күні кешкісін Қызылорда облысында Ми-8 тікұшағы апатқа ұшырап, 13 адам қаза болды. Олардың 12-сі Ақтау гарнизонының №30153 авиациялық бөлімшесінің әскерилері еді.

Барлық құрбанның денесі табылып, жер қойнауына тапсырылды.

Тағы оқыңыз: Тікұшақ апатында қаза тапқан сарбаздың әкесі: сіздің де балаңыз бар деді

Әуе апатын тергеуге прокуратура, ішкі істер органдарының өкілдері, тікұшақты жасап шығарған зауыт пен авиациялық жөндеу кәсіпорындарының мамандары, сондай-ақ Ресей Федерациясының ұшу қауіпсіздігі саласындағы сарапшылары қатысты.

Кілт сөздер:
апат себептері, тікұшақ, Қызылорда облысы
Загрузка...

Басты тақырып