07:48 21 Мамыр 2019
Тікелей эфир
  • USD378.90
  • EUR422.74
  • RUB5.87
Сот балғасы

Алматыда бұрынғы басқарма басшысына 240 млн теңге айыппұл салынды

© Sputnik / Максим Богодвид
Оқиға
Қысқа сілтеме алу
294 0 0

Серікбол Мусинов 240 миллион 84 мың теңге айыппұл төлеуге міндеттеліп, мемлекеттік қызмет атқару құқығынан өмір бойына айырылды

АЛМАТЫ, 17 мамыр — Sputnik. Алматы қаласының №2 Медеу аудандық соты қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының бұрынғы басшысы Серікбол Мусиновтің ісін қарап бітті.

Сот Мусиновты Қылмыстық кодекстің 367-бабы үшінші бөліміне (Бір топ тұлғамен алдын ала сыбайласып ірі көлемде пара беру) сәйкес айыпты деп танып, 240 миллион 84 мың теңге айыппұл салды. Сонымен қатар Мусинов сараптама жүргізу шығыны – 233 515 теңгені өтеп, Жәбірленушілер қорына 48 мың теңге төлейді. Ол айыппұлды бір жыл ішінде төлеуге міндетті.

Тағы оқыңыз: Жол ережесін бұзған елорда тұрғынына 6 млн теңгеден астам айыппұл салынды

Бұдан бөлек Серікбол Мусинов мемлекеттік қызмет атқару құқығынан айырылған. Атап өтсек, сотталушы кінәсін мойындаған жоқ.

Серікбол Мусинов не үшін ұсталды

Былтыр тамыз айында Алматы прокуратурасы Мусинов басқаратын ведомствода жоспардан тыс тексеру тағайындады. Дәлірек айтқанда, дәрі-дәрмек айналымы мен бюджет қаражатын мақсатты пайдалану тексерілген.

Сот отырысы барысында белгілі болғандай, денсаулық сақтау басқармасының қызметкерлері Серікбаев пен Боранбаева қадағалау органдарының өкілдеріне пара беруді жоспарлапты. Тексеруде қамтылатын үш жыл үшін 25 мың доллар пара бермек болған екен.

Тағы оқыңыз: Мал сойғанын хабарламағандарға айыппұл салынуы мүмкін

Тергеу материалдарына сүйенсек, 2018 жылдың 18 қыркүйегінде Серікбаев прокуратураның жалған қызметкерлеріне Шәріпова көшесінде орналасқан банк ғимараты жанында 20 мың доллар береді. Қалған соманы қала прокуратурасы жанында Toyota Land Cruiser көлігі ішінде табыстаған.

Кілт сөздер:
айыппұл, басқарма басшысы, Алматы
Загрузка...

Басты тақырып