Оқиға

Нұр-Сұлтанда әйел адам көлік астына түсіп қаза болды

© Sputnik / Алексей Мальгавко / Медиабанкке өтуӘйел адам
Әйел адам - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Қос көліктің соқтығысуы салдарынан төрт адам зардап шеккен

НҰР-СҰЛТАН, 19 мамыр — Sputnik. Нұр-Сұлтанда жаяу жүргінші кроссовердің астына түсіп қаза болды. Жол апаты жексенбі 19 мамыр күні Абылай даңғылында болған.

Nissan X-Trail көлігі Lifan X50 кроссоверіне соғылып, салдарынан кроссовер жаяу жүргіншіні қағып кетті, деп хабарлайды елорданың полиция департаменті баспасөз қызметі.

Әйел адам алған жарақатынан оқиға орнында көз жұмған.

Тағы оқыңыз: Алматы облысында жантүршігерлік жол апатынан тоғыз адам көз жұмды

Жол апатынан тағы екі әйел мен екі ер адам зардап шекті.

Полиция осы оқиғаға қатысты сотқа дейінгі тергеуді бастап, тиісті сараптама тағайындапты.

Апат болған жерде полиция департаментінің жедел тергеу тобы жұмыс істеп жатыр.

Жаңалықтар
0