05:00 16 Маусым 2019
Тікелей эфир
  • USD384.05
  • EUR432.79
  • RUB5.96
Адамның қолы

Сәтбаев қаласында бес баланың анасын қатыгездікпен өлтіріп кетті

© Sputnik / Табылды Кадырбеков
Оқиға
Қысқа сілтеме алу
551 0 0

37 жастағы жезқазғандық келіншек жанармай бекетінде кассир болып істеген

ҚАРАҒАНДЫ, 20 мамыр - Sputnik. Қарағанды облысының полициясы Сәтбаев қаласында жанармай бекетінің кассирін қатыгездікпен өлтіріп кеткен қылмыскерді іздеп жатыр, деп хабарлады ведомствоның баспасөз хатшысы Бақытжан Құдияров.

Жантүршігерлік қылмыс 16 сәуірде түнде жасалған. 37 жастағы келіншектің денесін жанармай бекетіне келген клиенттердің бірі тауып алып, полицияны шақырады.

Тағы оқыңыз: Шымкентте лифтінің ішінде әйел адамның мәйіті табылды

Мәйітті қарап шыққан мамандар әйелдің маңдайы бірнеше рет шабылғанын айтты. Келіншектің артында бес баласы қалған көрінеді.

Әйел адамға неге шабуыл жасалғаны белгісіз. Болжам бойынша, бекетті тонау үшін өлтірген болуы мүмкін, себебі кассадан ақша жоғалыпты.

Қарағанды облысының полиция департаментінің баспасөз қызметі қылмыскердің іздестіріліп жатқанын растады. Бақытжан Құдияровтың айтуынша, осы оқиғаға қатысты қылмыстық іс қозғалған. Облыс полициясының бүкіл жеке құрамы жұмылдырылып, ең тәжірибелі қызметкерлерден арнайы жедел топ құрылды.

Тақырып бойынша

Әйел мен оның үш баласын өлтіріп кетті – тұрғындар үрей құшағында отыр
Алматыда адам өлтіргені үшін іздеуде жүрген ер адам ұсталды 
Қаратауда 8 жасар қызды кім өртеп жібергені анықталды
Алматыда жұмбақ жағдайда көз жұмған 6 жасар қыздың әкесі үндеу жасады
Кілт сөздер:
кісі өлтіру, Сәтпаев қаласы
Загрузка...

Басты тақырып