05:43 16 Маусым 2019
Тікелей эфир
  • USD384.05
  • EUR432.79
  • RUB5.96
Такси, архивтегі фото

Көліктен қашып шыққан: Түркістан облысында таксисті өлтіріп кетті

© Sputnik / Наталья Селиверстова
Оқиға
Қысқа сілтеме алу
6771 0 0

Күдіктілердің бірі көршілес республиканың азаматы екені анықталды  

НҰР-СҰЛТАН, 21 мамыр – Sputnik. Түркістан облысы криминалдық полиция басқармасының қызметкерлері такси жүргізушіні өлтірді деген күдікпен екі адамды ұстады.

2019 жылдың 17 мамырында Сайрам аудандық полиция басқармасының кезекші бөліміне жергілікті тұрғыннан хабарлама келіп түседі. Әйел жол бойында денесі қанға боялған ер адамды көргенін айтады. Оқиға орнына дереу аудандық полиция басқармасының жедел тергеу тобы аттанған, деп хабарлады otyrar.kz.

Куәгерлерден жауап алу барысында жедел уәкілдер күндізгі сағат 16:30  шамасында "Ауди" көлігі жол бойына тоқтап, ішінен денесі қанға малынған жүргізуші қашып шығып, көп жүрмей жол жиегіне құлағанын анықтайды. Артынша көліктен жас қыз бен жолаушы шығып, жүргізушіні көтеріп, көлікке қайтадан мінгізген. Содан "бұл жігітті емханаға алып барамыз" деп, Шымкент жаққа қарай жүріп кетеді. Криминалистер оқиға орнынан қан іздерін табады.

Такси жүргізуші жолаушыға ұйықтататын дәрі беріп, қымбат заттарын ұрлаған

Аталған жайтты полицейлер "Қарақшылық" бабымен сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай реестріне тіркейді. Дәл сол күні жедел уәкілдер автокөлік иесінің, яғни жүргізушінің жеке тұлғасын анықтайды. Ол Түркістан облысының тұрғыны екен.

Жедел іс-шаралар барысында тәртіп сақшылары жас жігіт қарақшылардың құрбаны болуы мүмкін деген тұжырымға келеді. Ауыр қылмыс жасаған күдіктілерді құрықтау үшін облыстан криминалдық полиция мен тергеу басқармасының тәжірибелі қызметкерлерінен арнайы топ жасақтап, "Тосқауыл" жоспарын құрып, шекара маңындағы облыс аумақтарына полиция нарядтарын қояды.  

Нәтижесінде полицейлер Сарыағаш ауданында жол жиегінен ішінде мәйіт жатқан иесіз көлікті табады. Жедел-іздестіру шарасы  аясында Сарыағаш сақшылары жергілікті автовокзалдан Алматыға қарай кетпекші болған күдіктілерді құрықтайды. Сонымен қатар, қылмыс жасаған жас қыздың көршілес республиканың, ал ер адамның Алматы облысының тұрғыны екенін анықтайды.

Сайрам аудандық полиция басқармасының тергеушілері ҚР Қылмыстық кодексінің "Қарақшылық" және "Адам өлтіру" баптарымен күдіктілерге қатысты сотқа дейінгі тексеру амалдарын жүргізуде. Сараптамалар тағайындалды.

Тақырып бойынша

Темекімен ұйықтатқан: Алматы полициясы тонаушы таксистерді ұстады
Ақтауда клиенттерін қан қақсатқан такси жүргізуші ұсталды
Төрт ер адам жабылып зорлаған қызға такси жүргізушісі де қиянат жасады
Алматыда такси жүргізуші шетелден келген жолаушыдан 23 мың теңге алған
Такси жүргізуші зорлап өлтірген қыз 5 минут бұрын жанұшыра көмек сұраған
Жолаушыны зорламақ болған такси жүргізушісі ұсталды
Кілт сөздер:
Түркістан облысы, такси жүргізушісі
Загрузка...

Басты тақырып