Оқиға

Шымкент тұрғыны әкесін өлтірген адамды өз қолымен жазалады

© Sputnik / Рамиль Ситдиков / Медиабанкке өтуТемір ұстаған адам
Темір ұстаған адам - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Қалалық полиция бірден екі қылмыстық іс қозғаған

ШЫМКЕНТ, 21 мамыр - Sputnik. Сайрам аудандық соты Қылмыстық кодекстің 99-бабы "Қасақана кісі өлтіру" бойынша айыпталған 1959 жылғы өзбек азаматына қатысты шешім шығарды. Күдіктіні марқұмның туыстары ұстапты, оған да шұғыл медициналық жәрдем қажет болды.

Белгілі болғандай, өзбекстандық бір жыл бойы Түркістан облысы Сайрам ауданына келіп, жергілікті тұрғынның қол астында жұмыс істепті. Соңғы рет келгенінде қожайынмен есептесуді жөн көреді, бірақ жұмыс беруші бас тартқан екен.

Тағы оқыңыз: Сәтпаев қаласында бес баланың анасын қатыгездікпен өлтіріп кетті

Жанжалдың арты төбелеске ұласып, өзбек азаматы ер адамды темір арматурамен өлгенше сабап тастайды. Әкесінің айғайлаған дауысына келіп жеткен жігіт күдіктінің үстінен түсіп, тағы да төбелес шығып, бұл жолы өзбекстандықтың өзі ауыр жарақат алған.

Ол аудандық аурухананың жансақтау бөлімінен бір-ақ шықты. Қазір оны полицейлер күзетіп отыр.

Жұмысшысының қолынан ажал құшқан ер адамның ұлына қатысты қылмыстық іс қозғалды. Ол адамның денсаулығына ауыр зиян келтіргені үшін жауап береді.

Тағы оқыңыз: Қаратауда 8 жасар қызды кім өртегені анықталды

Жаңалықтар
0