20:47 22 Қыркүйек 2019
Тікелей эфир
  • USD386.70
  • EUR427.15
  • RUB6.06
Италияда автобус аударылды

Италияда автобус аударылды: зардап шеккендер арасында қазақстандықтар болуы мүмкін

© REUTERS / HANDOUT
Оқиға
Қысқа сілтеме алу
36 0 0

Автобуста болған он шақты жолаушы әртүрлі жарақат алды, төртеуі ауыр халде

НҰР-СҰЛТАН, 22 мамыр — Sputnik. Италияның Сиена провинциясында шетелдік туристер мінген автобус аударылып, бір адам қаза тапқан. Зардап шеккендердің арасында қазақстандықтар болуы мүмкін, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

"Бастапқы деректерге сүйенсек, жол апатынан зардап шеккендер арасында отандастарымыз бар", - деп хабарлады Қазақстанның сыртқы істер министрлігі.

Он шақты жолаушы әртүрлі жарақат алған, төртеуі ауыр халде жатыр.

​Қазақстандық консул Римнен Сиенаға аттанды. СІМ оқиғаның мән-жайы белгілі болған соң қосымша мәлімет береді.

Апаттың себебі белгісіз

Туристер мінген автобус сәрсенбі күні таңертең Флоренциядан Сиенаға бара жатқанда тас жолдан шығып кетіп, аударылған. Болжам бойынша, автобуста ресейлік туристер болды, деп жазады РИА Новости Ресейдің Италиядағы өкілдігіне сілтеме жасап.

​Қазір оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр. Автобуста барлығы 60 адам болды. Зардап шеккендер ауруханаға жеткізілді.

Кілт сөздер:
қазақстандықтар, туристер, автобус, Италия
Загрузка...

Басты тақырып