Оқиға

Алматыда жүргізуші әйел емшектегі сәбиі бар келіншекке жұдырық ала жүгірді

© Sputnik / Жоомарт УраимовӘйелдердің төбелесі, архивтегі сурет
Әйелдердің төбелесі, архивтегі сурет - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Полицияға шағымданған жәбірленуші әйел енді сот-медициналық сараптамадан өтуі керек

НҰР-СҰЛТАН, 23 мамыр – Sputnik. Алматыда жүргізуші әйел емшектегі сәбиі бар келіншекке қол көтерді. Қалалық полиция департаменті оқиғаның мән-жайын анықтауға кірісті, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Алматы полициясы әлеуметтік желілерде тараған видеороликке қатысты түсініктеме берді.

Анықталғандай, оқиға Алматыдағы шағын аудандардың бірінде болған.

Алматылық келіншек көлікпен күйеуін екі рет басып өтті - фото

Куәгерлердің айтуынша, жүргізуші әйел көлігін рұқсат етілмеген жерге қойып, сүт дүкеніне кірер жолды жауып тастаған. Емшектегі сәбиін көтерген келіншек сол сәтте дүкенге бара жатқан көрінеді. Көлік ішінде ешкім болмаған соң, ол жүргізуші сигнализация дауысына шығып қалар деген үмітпен дөңгелекті бір тепкен. Мұны байқаған көлік иесі әйелге жұдырық ала жүгірген.

Көкшетауда ішіп алған мұғалім көлікпен жасөспірімді қағып кетті

Куәгерлер ашуға мінген жүргізушіні сабасына түсіруге тырысқанымен, бұл оңайға соқпаған сияқты. Жанжалдың немен аяқталғаны белгісіз.

Видео әлеуметтік желілерде тарап кеткеннен кейін қала полициясы үнсіз қалмады. Кейінірек жәбірленуші жүргізуші әйелдің үстінен арыз жазды.

Алматылық қыз анасын көлігімен қаққан жігіттің иттік жасағанын айтып жылады

"Дене жарақатын алғаны расталды. Оқиға куәгерлерінен жауап алынды, бейнематериалдар іске қосылды. Шағымданған әйелге сот-медициналық сараптамадан өту туралы қаулы берілді", - деп мәлімдеді Алматы полиция департаментінің баспасөз қызметінен.

Сот-медициналық сараптамадан кейін жүргізуші әйелдің қандай жазаға тартылатыны белгілі болады.

Жаңалықтар
0