20:11 22 Қыркүйек 2019
Тікелей эфир
  • USD386.70
  • EUR427.15
  • RUB6.06
Алматыда жүргізуші жанармай таситын көлікке соғылып, өрт шықты - фото

Алматыда жүргізуші жанармай таситын көлікке соғылып, өрт шықты - фото

© Sputnik / Стрингер.
Оқиға
Қысқа сілтеме алу
372 0 0

Ірі жол апаты салдарынан жеңіл көліктің жүргізушісі зардап шекті

АЛМАТЫ, 24 мамыр — Sputnik. Алматыда Рысқұлов даңғылы мен Күдерин көшесінің қиылысында ірі жол апаты болды.

Оқиға куәгерлерінің айтуынша, жанармай таситын Volvo көлігі Рысқұлов көшесімен шығыс бағытта кетіп бара жатқан. Сол кезде қатты жылдамдықпен тура сол бағытта BMW 7 көлігі бара жатады.

Пожар произошел после столкновения автомобиля с бензовозом
© Sputnik / Стрингер.
BMW 7 жанармай таситын көлікті озамын деп апатқа себепші болды

Жүргізуші жанармай таситын көліктің сол жағынан озбақ болғанда, көлігі бір жаққа ығыса бастайды. Ер адам рөлге ие бола алмай, авто бар жылдамдығымен жанармай таситын көліктің тіркемесіне соғылды.

Бензовоз, в который врезался автомобиль BMW
© Sputnik / Стрингер.
Жанармай таситын көлік

Содан соң жана бастады. Жанармай таситын көліктің жүргізушісі мен жолаушы өрт сөндіргіштердің көмегімен жанып жатқан көлікті сөндірді.

Жол апаты салдарынан зардап шеккен BMW жүргізушісі әртүрлі жарақатпен ауруханаға жеткізілген.

Оқиға орнында жол полициясының қызметкерлері жұмыс істеп жатыр.

Тақырып бойынша

Нұр-Сұлтанда екі ірі жол апаты болды: зардап шеккендердің жағдайы қалай?
Алматыда екі көлік бетпе-бет соғылды: төрт адам зардап шеккен
Италиядағы ірі жол апаты: тоғыз қазақстандық зардап шекті
Алматыда жүргізуші әйел емшектегі сәбиі бар келіншекке жұдырық ала жүгірді
Кілт сөздер:
фото, өрт, көлік, жанармай, Алматы
Загрузка...

Басты тақырып