18:27 15 Қараша 2019
Тікелей эфир
  • USD388.49
  • EUR427.26
  • RUB6.06
Архивтегі сурет

Бұлшық етін өсірмек болған: Ақмола облысында төрт жасөспірім комаға түсті

© Sputnik / Максим Богодвид
Оқиға
Қысқа сілтеме алу
731 0 0

Оларды ауруханаға бірнеше жедел жәрдем бригадасы жеткізді

КӨКШЕТАУ, 26 мамыр — Sputnik. Ақмола облысы Ерейментау аудандық ауруханасының жан сақтау бөліміне төрт кәмелетке толмаған бала түсті. Олар ұйқыға жатарда 15-тен финлепсин таблеткасын ішіп, бұлшық етін өсірмек болғаны анықталды, деп хабарлады Sputnik Қазақстан тілшісі.

Жасөспірімдер аудандық ауруханаға таңертең сағат үштен кейін бірінен кейін бірі түскен. Олар 16, 14 және 13 жаста. Бәрі Олжабай батыр ауылында тұрады.  

Ақмола облысы денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, балалар ауыр жағдайда болған, қатты уланғаннан денелері құрысып, жүйке жүйесі зақымданған.  

"Жасөспірімдер финлепсин препараты арқылы бұлшық етін өсірмек болғаны анықталды. Әрқайсысы 15 таблеткадан ішкен", - деп хабарлады облыстық денсаулық сақтау басқармасы.

Балаларға дәріні ауруханаға түскендердің бірі берген. Айта кетейік, ол "эпилепсия" диагнозымен диспансерде есепте тұрады.

Қазіргі таңда жасөспірімдер жан сақтау және қарқынды терапия   бөлімдерінде жатыр. Балалардың бірі есін жиды.

Тағы оқыңыз: Елордада кәріз құдығында төрт адам метаннан уланып қалды 

Финлепсин препараты эпилепсияны емдеуде, соның ішінде науқастың ұстамасы ұстаған жағдайда қолданылады. Осыдан кейін дәрі ұлдардың бірінің қолына қалай түскені айтпаса да түсінікті болса керек. Препаратты мөлшерден тыс тұтыну жүрек пен бүйректің жұмысын, қан түзу, тыныс алу жүйесін бұзады. Бұлшық етті өсіру әсері дәрігерлерге белгісіз.

Тақырып бойынша

Шымкентте оқушылардың неден уланғаны белгілі болды
Астанада бір отбасының 4 баласы уланып қалды: дәрігерлер олардың жағдайы туралы айтты
Шелек ауруханасындағы үш кісінің өлімі: жұмысшылардың біріне айып тағылды
Ақтөбеде 20 оқушы мен бір мұғалім уланып қалды
Кілт сөздер:
жасөспірім, улану
Загрузка...

Басты тақырып