14:25 13 Желтоқсан 2019
Тікелей эфир
  • USD384.63
  • EUR427.98
  • RUB6.08
Жедел жәрдем

Шымкент тұрғыны көлікпен бір топ баланы қағып кетті

© Sputnik / Наталья Селиверстова
Оқиға
Қысқа сілтеме алу
1874 0 0

Полиция оқиғаның мән-жайын анықтап жатыр

НҰР-СҰЛТАН, 28 мамыр – Sputnik. Шымкенттегі автотұрақтардың бірінде жүргізуші жасөспірімдерді қағып кетті, деп хабарлады қаланың полиция департаменті.

"2019 жылдың 27 мамырында сағат 15:30-да әл-Фараби ауданының полиция бөлімшесіне автотұрақтардың бірінде Opel Kadett көлігі кәмелеттік жасқа толмаған балаларды қағып кеткені туралы хабар түсті", - делінген хабарламада.

Оқиға орнына шұғыл жеткен патрульдік полиция анықтағандай, жүргізуші 6 жасөспірімді қағып кеткен. Жол апаты салдарынан зардап шеккен бір бала қалалық аурухананың жансақтау бөліміне жеткізілді. Қалған бесеуі жеңіл-желпі жарақат алып, үйлеріне қайтарылған.

Тағы оқыңыз: Нұр-Сұлтанда жеті көлік соқтығысты: бір адам ауруханада

ҚР ҚК 345-бабы 2-бөлімі бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр. Бірқатар сараптама тағайындалды.

Тақырып бойынша

Нұр-Сұлтанда жүк көлігі мен микроавтобус соқтығысты: 11 адам зардап шекті  
Нұр-Сұлтанда екі ірі жол апаты болды: зардап шеккендердің жағдайы қалай?
Алматыда екі көлік бетпе-бет соғылды: төрт адам зардап шеккен
Италиядағы ірі жол апаты: тоғыз қазақстандық зардап шекті
Алматыда жүргізуші жанармай таситын көлікке соғылып, өрт шықты - фото
Кілт сөздер:
жасөспірімдер, жол апаты, көлік, Шымкент
Загрузка...

Басты тақырып