Оқиға

20-дан астам кеден қызметкеріне пара алды деген айып тағылды - ҰҚК

© Sputnik / Табылды Кадырбеков / Медиабанкке өтушекара
шекара - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Кеден қызметкерлері Қытай Халық Республикасынан Өзбекстанға тауарды кедергісіз тасымалдауға көмектескен

НҰР-СҰЛТАН, 28 мамыр — Sputnik. Алматы және Түркістан облыстарындағы кеден бекеттерінің 20-дан астам қызметкері пара алды деп айыпталып жатыр, деп хабарлайды Ұлттық қауіпсіздік комитетінің баспасөз қызметі.

Ұлттық қауіпсіздік комитеті Алматы облысындағы "Нұр Жол", "Қалжат" және Түркістан облысындағы Қонысбаев атындағы кеден бекеттерінің кедендік, фитосанитарлық, ветеринарлық және көліктік бақылау қызметкерлеріне қатысты сотқа дейінгі тергеу жүргізіп жатыр.  

"20-дан аcтам қызметкер Қытай Халық Республикасынан Өзбекстанға тауарды кедергісіз тасымалдауды ұйымдастыру үшін сыртқы экономикалық қызметке қатысушылардан бопсалау жолымен пара алды деп айыпталуда. Тінту барысында қылмыстық жолмен келген ірі көлемде шетел және ұлттық валютадағы қаражат тәркіленді", - деп хабарлады Ұлттық қауіпсіздік комитеті.

Қазіргі уақытта 3 күдікті сот санкциясымен қамауға алынды, қалған адамдарға кінәсін толық мойындауына байланысты бас бостандығынан айырмайтын бұлтартпау шаралары таңдалды. 

Тағы оқыңыз: Таяуда ғана Сириядан елге қайтарылған 20 адам қамауға алынды

Жаңалықтар
0