17:10 25 Тамыз 2019
Тікелей эфир
  • USD386.34
  • EUR427.25
  • RUB5.88
Саин - Қабдолов көшелеріндегі жаппай жол апаты

Тежегіші істен шыққан: Алматыда жүк көлігі алты автокөлікті соғып кетті  

© Sputnik / Стрингер.
Оқиға
Қысқа сілтеме алу
417 0 0

Басқарылмайтын жүк көлігінен зардап шеккендердің арасында бір бала бар

НҰР-СҰЛТАН, 29 мамыр — Sputnik. Алматыда жаппай жол-көлік оқиғасынан екі адам зардап шекті, оның біреуі бала. 

Алматыда екі көлік бетпе-бет соқтығысып, төрт адам зардап шекті

Төтенше жағдай Саин көшесінде, Қабдолов көшесіндегі көлік жол айрығы көпірінің астында болды.

Массовое ДТП на ул. Саина - Кабдолова
© Sputnik / Стрингер.
Саин - Қабдолов көшелеріндегі жаппай жол апаты

Жүргізушілер мен куәгерлер Саин көшесімен келе жатқан Shacman жүк көлігінің тежегіші істен шыққанын хабарлады.

Жүк тиеген автокөлік жылдамдығын арттырып, қатты сигнал беріп, көшемен төмен қарай құлдилаған. Ол қатар келе жатқан Suzuki Grand Vitara автокөлігін, содан кейін Nissan Safari және Toyota Camry көлігін соғып кеткен.

Массовое ДТП на ул. Саина - Кабдолова
© Sputnik / Стрингер.
Массовое ДТП на ул. Саина - Кабдолова

Ал жеңіл көлік алдында келе жатқан Газельге, ол Mitsubishi Delica шағын автобусына соқтығысқан. Жол апатынан тағы бір жол талғамайтын көлік – Toyota Land Cruiser Prado зардап шекті. Жүк көлігінің өзі бірнеше машинаны зақымдағаннан кейін тағы екі жүз метр жүріп тоқтады.

Жол апатынан Nissan Safari-дің кішкентай жолаушысы жарақат алып, ауруханаға жатқызылды, сондай-ақ ГАЗель жүргізушісінің миы шайқалған, алайда ол алғашқы медициналық көмектен кейін ауруханаға жатудан бас тартты.

Полиция жаппай жол апатының себебі мен мән-жайын анықтап жатыр.    

Тақырып бойынша

Нұр-Сұлтанда жүк көлігі мен микроавтобус соқтығысты: 11 адам зардап шекті  
Алматы облысындағы жантүршігерлік жол апатынан тоғыз адам көз жұмды
Ақмола облысы әкімінің орынбасары жол апатынан қаза тапты
Автобустың шатыры жұлынып кетті: Қордайдағы жол апатының фотолары жарияланды
Италияда апатқа ұшыраған қазақстандықтардың екеуі ауруханада жатыр – СІМ  
Кілт сөздер:
автокөлік, жол апаты, Алматы
Загрузка...

Басты тақырып