Оқиға

Алматыда жүкті әйел жол апатына түсті

© Sputnik / СтрингерЖүкті әйел жол апатынан зардап шекті
Жүкті әйел жол апатынан зардап шекті - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Түрлі жарақат алған әйел ауруханаға жеткізілді

НҰР-СҰЛТАН, 30 мамыр – Sputnik. Алматыда автобус пен Kia Cerato маркалы автокөлік соқтығысты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Автобус пен жеңіл көлік Назарбаев даңғылының бойында оңтүстік бағытта келе жатқан. Kia жүргізушісі екінші қатардан оңға бұрылып, аулаға кірмекші болған екен. Алайда автобус жүргізушісі жол беріп үлгермей, автокөлікпен соқтығысқан.

© Sputnik / СтрингерАвтобуста отырған жүкті әйел зардап шекті
Алматыда жүкті әйел жол апатына түсті - Sputnik Қазақстан
Автобуста отырған жүкті әйел зардап шекті

Жол апаты салдарынан автобуста отырған жүкті әйел зардап шекті. Ол түрлі жарақатпен жақын маңдағы ауруханаға жеткізілді.

Шымкент тұрғыны көлікпен бір топ баланы қағып кетті

Оқиға орнында жол полициясының қызметкерлері жұмыс істеп жатыр.

Жол апатының мән-жайы анықталуда.

Жаңалықтар
0