Оқиға

Оқушының өлімінен кейін лагерьлер жұмысын тоқтата ма – министр жауап берді

© AFP 2024 / Stanislav FilippovХаншатыр
Ханшатыр - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Министр мектеп лагерінде істейтін әрбір мұғалім балалардың қауіпсіздігіне жауапты екенін айтты

НҰР-СҰЛТАН, 4 маусым – Sputnik. Мектеп лагерьлері қалыпты режимде жұмыс істейді. Бұл туралы білім және ғылым министрі Күләш Шәмшидинова айтты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

"Кеше біздің қызметкерлер оқиға орнында болды. Бақылауда ұстап отырмыз. Әйтсе де, қауіпсіздік пен жауапкершілікті күшейтуді тапсырдық. Сол жердегі куәгерлердің айтуынша, бәрі көзді ашып-жұмғанша болған", - деді министр үкімет кулуарында.

Шәмшидинова мектеп лагерінде істейтін әрбір мұғалім балалардың қауіпсіздігіне жауапты екенін айтты.

Тағы оқыңыз: Әкімдік қайғылы оқиғаның мән-жайын айтты

"Мектеп лагерьлері қалыпты режимде жұмыс істейді. Қатаңдатуға келсек, біз адамдарды жинап, оларға не істеу керектігін тағы бір мәрте түсіндірдік", - деді ол.

Ханшатырдағы трагедия

Кеше, 3 маусым күні елордадағы "Ханшатыр" сауда және ойын-сауық орталығында 9 жасар оқушы қыз бассейнге батып кетті. Белгілі болғандай, сол күні бассейнге мектеп жанындағы лагерьден 200 бала келген, олардың қасында 24 тәрбиеші мен тәлімгер болыпты.

Тағы оқыңыз: Министр 9 жасар қыздың өліміне қатысты түсініктеме берді

Көз жұмған оқушы көпбалалы отбасыдан шыққан, 1-сыныпта оқыған екен. Сауда орталығында жұмыс істейтін медициналық қызметкер балаға алғашқы көмек көрсеткенімен, өміріне араша түсе алмапты. Оқиға орнына жеткен жедел жәрдем дәрігерлері қыздың көз жұмғанын жеткізді.

Енді басқарма елордағы барлық лагерьді тексергелі отыр.

Жаңалықтар
0