Оқиға

"Қауіпсіздік ережелері сақталмаған": жыл басынан бері 40 бала суға батып кетті

© Photo : СС0 / Dana TentisСуға шомылып жатқан бала
Суға шомылып жатқан бала - Sputnik Қазақстан
Жазылу
2019 жыл басталғалы Қазақстанда барлығы 76 адам суға батқан

НҰР-СҰЛТАН, 5 маусым — Sputnik. Жыл басынан бері қырық бала суға батты, деп хабарлады ІІМ төтенше жағдайлар комитетінің төрағасы Владимир Беккер.

"2019 жыл басталғалы 76 адам суға кетті, оның ішінде 40 бала бар. Биыл біз суға батқандардың есептік статистикасын өзгерттік. Бұған дейін шомылу маусымында көз жұмғандарды ғана есепке алатынбыз. Биылғы жылдың қаңтар айынан бастап, суға батып кеткендердің бәрін есепке алатын болдық", - деді Беккер баспасөз мәслихатында.

Тағы оқыңыз:  Министр 9 жасар қыздың өліміне қатысты түсініктеме берді

Оның айтуынша, 27 адам балық аулағанда қауіпсіздікті сақтамаған. Тағы 22 тұрғын шомылуға барған кезде көз жұмды. Арықтарда 8 бала суға батқан.

"Олар, негізінен, ата-аналары қарамаған кезде суға батып кеткен. Өкінішке қарай, балалар шұңқырлар мен арықтарды қызық көреді. Ал ол жерде ағыс қатты. 3-4 жасар баланың  аман қалуы мүмкін емес", - деді Беккер.

Елде балық аулауға, шаруашылыққа және шомылуға қолданылатын 50 мың су қоймасы бар. Барлық өңірлердегі құтқарушылардың саны – 1 380. Беккердің айтуынша, олардың саны бір су қоймасына 1 құтқарушыдан қоюға да жетпейді.

Тағы оқыңыз: Имам екі ұлымен бірге суға батып кетті

Жыл сайын Қазақстанда 1200-1400 адамға суға бату қаупі төнеді, олардың тек 800-900-ін ғана құтқаруға мүмкіндік бар.

Комитет төрағасының айтуынша, трагедия, негізінен судағы қауіпсіздік ережелерін сақтамау салдарынан болады.

Жаңалықтар
0