Оқиға

Алматыда монша өртеніп кетті - фото

© Sputnik / Константин Чалабов / Медиабанкке өтуАрхивное фото пожара
Архивное фото пожара  - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Моншаның ағаш конструкциялары таңертең жана бастаған, жалын тұрғын үйді де шарпып кетуі мүмкін еді

НҰР-СҰЛТАН, 12 маусым — Sputnik. Алматы қаласы Алмалы ауданында орналасқан монша кешенінің аумағында ірі өрт болды, деп хабарлайды төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі.

Оқиға Құсайынов көшесі, 2 мекенжайы бойынша орналасқан монша кешенінде болған. Өрт сөндірушілер жеткенде, ағаш қабырғалар түгел отқа ораныпты. Ауданы 900 шаршы метр кешен мен жеке тұрғын үйді шарпып кетуі мүмкін еді.

© Photo : ДЧС АлматыАлмалы ауданында монша өртенді
Алматыда монша өртеніп кетті - фото - Sputnik Қазақстан
Алмалы ауданында монша өртенді

Өртті сөндіруге 32 өрт сөндіруші мен 9 көлік қатысты. Олар өрттің басқа ғимараттарға ұласуының алдын алды.

© Photo : ДЧС АлматыМонша маңындағы басқа ғимараттарды жалын жарпыған жоқ
Алматыда монша өртеніп кетті - фото - Sputnik Қазақстан
Монша маңындағы басқа ғимараттарды жалын жарпыған жоқ

Өрт 09:33-те сөндірілді. Аумағы – 150 шаршы метр. Ешкім зардап шеккен жоқ.

Жаңалықтар
0