09:08 23 Тамыз 2019
Тікелей эфир
  • USD386.04
  • EUR427.77
  • RUB5.88
Ұлы Дала және Қабанбай батыр қиылысындағы апат

Үш автобус соқтығысқан жол апаты: оқиғаның нақты себебі белгілі болды

© Sputnik / Ксения Воронина
Оқиға
Қысқа сілтеме алу
1355 0 0

Жол апаты салдарынан 2 адам қаза тауып, 33 адам зардап шеккен болатын

НҰР-СҰЛТАН, 14 маусым — Sputnik. Нұр-Сұлтанда үш автобус соқтығысқан жол апатының сот-медициналық сараптамасының қорытындысы шықты. Жүргізушінің есінен танып қалғаны анықталды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Полиция департаменті басшысының орынбасары Ғазиз Нұрқаевтың айтуынша, бұл оқиға бойынша тергеу әлі жалғасып жатыр.

"Біз қылмыстық іс қозғадық. Сот-медицина сараптамасына сәйкес, №303 автобустың жүргізушісі Оспанов есінен танған. Салдарынан жол-көлік апаты болды. Тергеу 26 маусымға дейін жалғасады", - деді Нұрқаев елордада өткен баспасөз мәслихатында.

Сараптамаға сәйкес, автобус жүргізушісінің жүрегі ауырған. Сол күні жүрегі сыр беріп, қан айналымы баяулаған. Миға қан бармағандықтан, жүргізуші есінен танып қалыпты.

Нұр-Сұлтандағы 3 автобус апаты

Айта кетсек, биыл 26 наурызда елордағы Ұлы Дала көшесі мен Қабанбай батыр даңғылы қиылысында ірі жол-көлік оқиғасы болды. Қала маңына қатынайтын №303 автобус пен №12 автобус соқтығысқан. Кейін оларға №53 қоғамдық көлік пен жедел жәрдем көлігі соғылды. 

Жол апаты салдарынан 53 жастағы автобус жүргізушісі мен 26 жастағы жолаушы қыз қаза тапты. 33 адам зардап шекті.

Тақырып бойынша

Автобустың ішінде отырған 42 адам тірідей жанып кетті
Жол апатына ұшыраған көлік 11 жасар қызды басып кетті – оқиға орнында түсірілген видео
Петропавлда Азия чемпионын автобус қағып өлтірді
Қазақстанда тағы да 3 автобус соқтығысты – жантүршігерлік апаттың видеосы шықты  
"Мұндайға жол бермес еді" - Нұр-Сұлтандағы апаттан қаза болған жүргізушінің әріптестері
Кілт сөздер:
апат себептері, полиция, автобус, Нұр-Сұлтан
Загрузка...

Басты тақырып