05:23 19 Тамыз 2019
Тікелей эфир
  • USD386.82
  • EUR428.67
  • RUB5.86
Ханшатыр

Полиция Ханшатырдағы трагедияның мән-жайын анықтады

РИА Новости
Оқиға
Қысқа сілтеме алу
83 0 0

Сауда және ойын-сауық орталығындағы бассейнге сегіз жасар қыз батып кеткен еді

НҰР-СҰЛТАН, 14 маусым — Sputnik. Елорданың полиция департаменті көп мөлшерде су жұтқандықтан, баланы құтқару мүмкін болмағанын айтты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Тергеу басқармасы бастығының орынбасары Қайрат Артықовтың айтуынша, ол күні мектеп оқушылары Sky Beach Club жабық жағажайында суға түскен.

"Сағат 11:00 кезінде сегіз жасар қыз жағажайдағы бассейнге түсіп, суға батады. Сол жерде болған құтқарушылар оны алып шығады. Ал медициналық қызметкерлер алғашқы көмек көрсетіп, жедел жәрдем шақырады. Бірақ ешқандай нәтиже болмаған. Кішкентай қыз көз жұмды. Қылмыстық іс қозғалды. Қазіргі кезде сот-медициналық сараптама тағайындалып отыр", - деді Артықов.

Оның сөзіне қарағанда, тергеушілер сол жерде болған құтқарушылар, дәрігерлер мен мұғалімдерден жауап алған. Төтенше жағдайлар департаменті де құтқарушылардың әрекетіне қатысты тексеріс тағайындады.

Тағы оқыңыз: Министр бассейнге батып кеткен оқушы өліміне қатысты түсініктеме берді

"Бассейінде балалар көп болды. Ол қыз судың астына кеткенде жанында болған қыздар айқайлап, мұғалімдерді шақырған. Мұғалімдер тез арада құтқарушыға айтқан. Құтқарушы суға секіріп, баланы алып шықты. Біздегі мәліметке сәйкес, олар қызды екі-үш минут ішінде алып шыққан. Бірақ ол көп су жұтып қойды. Сондықтан құтқару мүмкін болмады", - деді Артықов елордада өткен баспасөз мәслихатында.

Ханшатырдағы қайғылы оқиға

Еске сала кетсек, қайғылы оқиға 3 маусым күні сағат таңғы 11:30-да болды. Сол күні бассейнге мектеп жанындағы лагерьден 200 бала келген, олардың қасында 24 тәрбиеші мен тәлімгер болыпты.

Көз жұмған оқушы көпбалалы отбасыдан шыққан, 1-сыныпта оқыған екен.

Тақырып бойынша

Тоғыз жасар қыз Ханшатырдағы бассейнге батып кетті
Оқушының өлімінен кейін лагерьлер жұмысын тоқтата ма – министр жауап берді
Нұр-Сұлтандағы 9 жасар қыздың өлімі: әкімдік қайғылы оқиғаның мән-жайын айтты
"Қауіпсіздік ережелері сақталмаған": жыл басынан бері 40 бала суға батып кетті
Шығыс Қазақстанда имам екі ұлымен бірге суға батып кетті
Кілт сөздер:
трагедия, полиция
Загрузка...

Басты тақырып