21:55 15 Желтоқсан 2019
Тікелей эфир
  • USD383.95
  • EUR429.26
  • RUB6.16
Қостанайдағы жарылыс

Қостанайда жойқын жарылыс болды – видео

© Photo : ДЧС г. Костаная
Оқиға
Қысқа сілтеме алу
2356 0 0

Техникалық қызмет көрсету станциясында газ жабдығының жарылуынан жеті адам зардап шекті

НҰР-СҰЛТАН, 17 маусым – Sputnik. Жарылыс 17 маусым күні сағат 12:00-де Қостанайдағы Лермонтов және Баймағамбетов көшелері аумағындағы техникалық қызмет көрсету станциясында газ жабдығын орнатқаннан кейін болған.

Төтенше жағдайлар комитетінің мәліметінше, екі қабатты ғимарат толығымен қирап қалған. Жеті адам зардап шеккен, оның алтауы ауруханаға жеткізілді.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от РГ "Костанайские новости" (@kstnews.kz)

Зардап шеккен бір адамға Апаттар медицинасы орталығының қызметкерлері алғашқы медициналық көмекті көрсетті.

"Оқиға орнында жедел штаб құрылды. Газбенжабдықтау және электр қуаты уақытша ажыратылды. Өрт сөндіру бөлімі жалынды сағат 12:47-де оқшаулады. Сағат 13:24 тоғыз газ баллон қауіпсіз жерге шығарылды", - деп жазылған Төтенше жағдайлар комитеті таратқан хабарламада.

Оқиға салдарын жоюға 98 адам мен 30 техника жұмылдырылды.  

Тақырып бойынша

Астанадағы жарылыс: үйінді астынан бір адамның денесі табылды
Ақтөбеде газ жарылды: зардап шеккендер бар
Қарағандыда базарда жүк көлігі жарылды – видео
Бестөбедегі алтын кенішінде төтенше жағдай: қаза тапқандар бар
Алматыдағы апат: зардап шеккендердің жағдайы белгілі болды
Ресей зауытындағы жарылыс: зардап шеккендер саны 89 адамға жетті
Кілт сөздер:
Қостанай, видео, жарылыс
Загрузка...

Басты тақырып