13:44 13 Желтоқсан 2019
Тікелей эфир
  • USD384.63
  • EUR427.98
  • RUB6.08
Самолет Ан-2, архивное фото

Нұр-Сұлтан маңында ұшақ құлады: апаттың себебін арнайы комиссия анықтайды

© Sputnik / Виталий Аньков
Оқиға
Қысқа сілтеме алу
281 0 0

Әуе кемесінің командирі оқиға орнында қаза тапты, екінші ұшқыш пен техник ауруханаға жеткізілді

НҰР-СҰЛТАН, 20 маусым - Sputnik. Ақмола облысында Ан-2 ұшағының апатқа ұшырау себебін анықтау мақсатында арнайы комиссия құрылды, деп хабарлайды ҚР инустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің баспасөз қызметі. 

Бейсенбі, 20 маусым күні, сағат он шамасында Ақмола облысы Целиноград ауданында әуе апаты болды - АН-2 ұшағы апатқа ұшырады. Ұшақтың әуеден химиялық өңдеу жұмыстарын жүргізгені анықталды.  

"Апат салдарынан әуе кемесінің командирі қаза тапты, жарақат алған екінші ұшқыш пен техник ауруханаға жеткізілді", - деп хабарлады министрліктің баспасөз қызметі. 

Әуе кемесінің апатқа ұшырау себебін анықтау үшін тергеу жұмыстары басталды.

Қаза тапқан ұшқыштың кім екені анықталып жатыр. 

Тағы оқыңыз: "Канелоның" жекпе-жегінен қайтып келе жатқан жанкүйерлер мінген ұшақ құлады

Тақырып бойынша

Алматы облысында жолаушылар автобусы көпірден құлады – видео
Қытайда адамдар өтіп бара жатқан кезде аспалы көпір құлады – қорқынышты видео
Ақмола облысында ұшақ құлады
Алматыда тікұшақ құлады – жантүршігерлік суреттер
Кілт сөздер:
Нұр-Сұлтан, ұшақ
Загрузка...

Басты тақырып